Пірімқұлов ТүйтеГерои Социалистического труда по полеводству Казахской ССР. Алма-ата. 1950.412 стр. - Социалистік Еңбек Ері (1948), Жамбыл облысы (қазіргі Түркістан облысы), "Октябрь" колхозының председателі (1944). 1914 жылы Жамбыл облысы, Жамбыл ауданы, Жалпақтөбе ауылында туған.
Шыққан тегі Ұлы жүздің Дулат тайпасы Шымыр руынан. Еңбек жолы мен жетістігі Жетіжілдықты бітіргеннен кейін "Қызыл-Қайнар" колхозында есеп жүргізуші болып істейді. 1936 жылы Жамбыл аудандық халықтық білім беру бөлімі жанындағы бір жарым айлық мұғалімдік курсты бітіреді. 1936-1940 жылдары "Октябрь" колхозында мектепте мұғалім болады. 1940-1944 жылдары ферма меңгерушісі болып істейді. 1944 жылдан "Октябрь" колхозының председателі болып тағайындалады. Іскерлігі және агротехниканы білуі колхозда өнім көрсеткішін жылдан жылға көтеруге мүмкіндік береді: 1945 жылы 180 центнердің орнына 100 гектар жердің әр гектарынан 350 центнерден; 1946 жылы - 463 центнерден; 1947 жылы 552 центнерден өнім алып, жоспарды асыра орындайды.
Наградалары "1941-1945 жж Ұлы Отан соғысындағы қажырлы еңбегі үшін" медалі (1946) "Құрмет белгісі" ордені (1947) Ленин ордені "Орақ пен Балға" алтын медалі Социалистік Еңбек Ері (1948)
Дереккөздер
Санат:Социалистік еңбек ерлері