Карл Дейвид Андерсон (; 3 қыркүйек 1905 — 11 қаңтар 1991) — американ физигі-экспериментатор. Позитронды ашқанымен аты шыққан, осы жетістігі үшін 1936 жылы Физикадан Нобель сыйлығын алған.
thumb|left|Карл Андерсон, 1937 жыл Нью-Йоркта швед иммигрант отбасында туған.
1927 жылы Калифорния технологиялық институтының физика факультетін бітіріп, бакалавр дәрежесін алып, сол жерде сабақ береді. 1930 жылы доктор дәрежесін алған.
1932 жылы тәжірибе жүзінде ғарыштық сәулелер арасынан электронның антибөлшегін бірінші рет байқап “Позитрон” деп атады. Электронның антибөлшегі бар екенін 1931 ж. ағылшын физигі Поль Дирак (1902 — 1984) теория жүзінде ашып, бірақ дәлелдей алмаған. Осы жұмыс үшін 1936 ж. Андерсон (Виктор Гесс екеуі) Физикадан Нобель сыйлығымен марапатталды.
Осы 1936 жылы Андерсон өзінің шәкірт студенті - Сид Недермейермен бірге зарядталған элементар бөлшек - мюонды ашты.
Атақты еңбегі C.D. Anderson, «The Positive Electron», Phys. Rev. 43, 491 (1933)
Сыртқы сілтемелер Карл Дейвид Андерсон
Дереккөздер “Қазақстан”: Ұлттық энциклопедия/Бас редактор Ә. Нысанбаев – Алматы “Қазақ энциклопедиясы” Бас редакциясы, 1998
Санат:Нобель сыйлығының иегерлері (АҚШ)