ЦУМ (Орталық әмбебап дүкен) — Алматы қаласының орталығындағы сауда орталығы, Абылай хан даңғылы мен Жібек жолы көшесінің қиылысында орналасқан, мекенжайы Абылай хан, 62 үй. 1961 жылы орталық әмбебап дүкен ретінде ашылған. Кейін “Заңғар” сауда орталығы болып қайта құрылды. 1994 жылдан “Заңғар” акционерлік қоғамы болып аталады. Сауда алаңы 10128 м², көмекші бөлмелерінің аум. 5830 м². 3 қабатта орналасқан 5 тұтыну кешені бар. Дүкен сатып алушыларға қосымша қызмет түрлерін көрсетеді, тігулі бұйымдарды шақтайды, несиеге берілетін тауарларды ресімдейді. Сатып алу сұранымын зерттеу үшін киім, аяқ киім, бас киім үлгілерінің сату көрмелері өткізіледі. Дүкен осы заманғы технология жабдықтармен жарақтандырылған.Қазақ энциклопедиясы, 4 том 3 бөлім
Дереккөздер
Санат:Алматы сауда орталықтары Санат:Алматы ғимараттары мен құрылыстары