ХИМИЯЛЫҚ ЭЛЕМЕНТТЕРДІҢ АШЫЛУ ТАРИХЫ
Химиялық элементтер — ядродағы зарядтары бірдей болып келетін атомдар тобы. Табиғатта кездесетін барлық жай және күрделі заттар химиялық элементтерден түзіледі.
CІЛТІЛІК МЕТАЛДАР
ЛИТИЙ-1817ж. А.Арфедсон ашты. НАТРИЙ мен КАЛИЙДІ-1807 ж. Г.Дэви ашты. РУБИДИЙ мен ЦЕЗИЙДІ-1861 ж. Р.Бунзен ашты.
СІЛТІЛІК ЖЕР МЕТАЛДАР
БЕРИЛЛИЙ-1798 ж. берилл минералынан француз химигі Л. Воклен тапты. Металл күйінде алғаш рет неміс химигі Р. Влер алды. МАГНИЙ- 1808 ж. ағылшын ғалымы Г.Дэви ашты. КАЛЦИЙ-1808 ж.ағылшын ғалымы Г.Дэви ашты. СТРОНЦИЙ-1808 ж.жеке түрінде Хемфри Дэви алған. БАРИЙ-1774 ж. Карл Шееле ашқан.
ЖЕР МЕТАЛДАР
БОР-алғаш рет 1808 ж. француз химиктері Ж. Гей-Люссак пен Л. Тенар бор ангидридін металл калиймен тотықсыздандыру арқылы алған. АЛЮМИНИЙ- бос күйінде алғаш рет 1825 жылы даниялық физик Ханс Кристиан Эрстед алған. ГАЛЛИЙ-1875 ж. француз химигі П.Э. Лекок де Буабодран ашып, оны Франция құрметіне ГАЛЛИЙ деп атаған. ТАЛЛИЙ-1861 жылдың наурыз айында ағылшын ғалымы Уильям Крукс күкірт қышқылы өндірістерінің бірінде ауланатын шаңды зерттейді,ал ол шаң ТАЛЛИЙ болып шығады.
КӨМІРТЕК ТОПШАСЫ
КӨМІРТЕК- 1780 жылы А.Лавуазье көміртектің табиғатын зерттеді. Оған латынша «карбонеум» көмір деген атау 1827 жылы берілді.
АЗОТ ТОПШАСЫ
АЗОТ-1772 жылы ағылшын ғалымы Даниэль Резерфорд ашқан. ФОСФОР-1669 ж.Фосфорды алғаш ашқан – Гамбургтік алхимик Геннинг Бранд. КҮШӘН-1789 жылы А. Л. Лавуазье ашқан.
ХОЛЬКОГЕНДЕР
КҮКІРТ- Күкірт біздің заманымыздан 2000 жыл бұрын белгілі болған. СЕЛЕН-1817 ж. швед ғалымы Й.Берцелиус ашқан. ТЕЛЛУР- венгр геологы Ф.Мюллер (1740 – 1825) ашқан (1782). 1798 жылы неміс ғалымы М.Г. Клапрот (1743 – 1817) осы жаңалықты бекітіп, (латынша tellurіs – Жер) элементке “теллур” атын берді. ПОЛОНИЙ- 1898 ж. француз ғалымдары П.Кюри мен Складовская-Кюри ашып, оны М.Складовская-Кюридің отаны — Польшаның (латын тілінде Polonіa) құрметіне атаған.
ГАЛОГЕНДЕР
ФТОР-1886 ж. бос күйінде алғаш француз химигі А.Муассон алған. ХЛОР- 1774 ж. алғаш швед химигі К. Шелле пиролюзитті тұз қышқылымен әрекеттестіріп алған. БРОМ- 1826 жылы француз химигі А. Балар бос күйінде бөліп алды. ИОД- 1811 ж. француз химигі Б.Куртуа ашқан. АСТАТ-алғаш рет 1940 жылы бөлініп шығарылған.
ИНЕРТТІ ГАЗДАР
ГЕЛИЙ-1868 ж. француз астрономы Ж.Жансен мен ағылшын астрономы Дж. Н. Локьер күн сәулесінің спектрінен тапқан, 1895 ж. ағылшын химигі У.Рамзай радиоактивтік клевеит минералынан бөліп алған. НЕОН-1898 ж. ағылшын ғалымдары У.Рамзай мен М.Траверс сұйық ауаның ұшқыш фракциясын зерттеу кезінде ашқан. АРГОН-1894 жылы Дэвид Рэлей және Уильям Рамзай ашқан. КРИПТОН-1898 ж. ағылшын химиктері У.Рамзай мен М.Траверс сұйық ауаны буландырғаннан қалған бөлігінен тапқан. КСЕНОН-1898 ж. ағылшын химиктері У.Рамзай мен М.Траверс алғаш рет криптонды зерттеу кезінде ашқан, сондықтан оны “К.” (грек. xenos – бөтен) деп атаған. РАДОН-1899 ж. алғаш американдық физик Р.Оуэнс торийдің ыдырауы кезінде байқаған.
ҚОСЫМША ТРИАДА
ТЕМІР РУТЕНИЙ-алғаш рет 1844 ж. Қазан университетінің профессоры, орыс химик Карл Клаус ашып, оны Ресейдің құрметіне атаған (Rutheniа - Ресейдің орта ғасырдағы латынша аты). ХАССИЙ- 1984 жылы Германияда Дармштадт қаласындағы Ауыр иондарды зерттеу орталығында (нем. Gesellschaft für Schwerionenforschung, GSI) ашылған. КОБАЛЬТ РОДИЙ- 1804 ж. ағылшын химигі У.Х. Волластон ашты. МЕЙТНЕРИЙ-Алғашқы рет 1982 ж. Германияда Дрмштадт қаласындағы Ауыр иондарды зерттеу орталығында (нем. Gesellschaft für Schwerionenforschung, GSI) 209Bi+58Fe → 266Mt+n реакциясы нәтижесінде алынған. Бастапқы кезде атын унниленний (Unnilennium) деп қойған. Бірақ 1997 жылы австриялық физик Лиза Мейтнердің құрметіне Мейтнерий (Мt) деп аталды. НИКЕЛЬ ПАЛЛАДИЙ-алғаш 1803 ж. ағылшын ғалымы У.Х. Волластон ашқан (1766 – 1828). Элемент Паллада астероидының құрметіне аталған. ПЛАТИНА-таза күйінде алғаш рет 1803 жылдан ағылшын ғалымы У.Х. Волластон алған.
Дереккөздер
Санат:Химия