Тіласты безі () glandula sublin — ауыз қуысына сілекей бөлетін ас қорыту безі. Ол ауыз түбіндегі тіласты қатпардың кілегейлі қабығында, тілдің екі бүйірінде орналасады. Тіласты безі алдыңғы көпөзекті және артқы бір өзекті тіласты сілекей бездеріне бөлінеді. Без өзектері тілдің астындағы тіласты сүйелшесіне ашылады. Тіласты безі паренхималы мүше ретінде: стромадан және паренхимадан тұрады. Без стромасын дәнекер ұлпасы, ал паренхимасын күрделі көпіршікше-түтікше аралас без құрайды. Бездің секрет бөлетін бөлімінде сірлі, кілегейлі және аралас альвеолалар болады.
Kaynak ve lisans
Kaynak: Wikipedia — Тіласты безі · katkı geçmişi.
Metin: CC BY-SA 4.0.
Metin düzenlemesi hakkında
Viki işaretlemesi ve şablonlar çıkarıldı; uzun metinler kısaltıldı.