Тәтті шие ()  - раушангүлділер тұқымдасына жататын ағаштар және бұталар. Солтүстік Кавказда, Молдавияда, Украинаның Қырым және басқа облыстарында, Орта Азияда кең таралған. Қысқа төзімді сорттар орталық аймақтарда — Ленинград облыстарында өсіріледі. Жабайы тәтті шиелер Украина ормандарында, Кавказ тауларында жиі кездеседі. Ең жақсы асханалық сорттары: Апрелька, Гедельфингер, Жабуле,Краса Кубани; консервіленетін сорттары: ерте пісетіндері — Бахор, Валерий Чкалов, Кассини ранняя, мерзімінде пісетіндері — Багратион, қара Дайбера, қара Мелитопольская, Францис, кеш пісетіндері — Выставочная, сары Драгона, Нектарная т.б. Шаңырақ : Үй-тұрмыстық энциклопедиясы. Алматы : Қаз.Сов.энцикл.Бас ред., 1990 ISBN 5-89800-008-9

Белгілі сорттар Аделина Алая Аннушка Ариадна Бархатная Берекет Бигарро Бурлат Брянская розовая Гронкавая Дагестанская ранняя Дайбера чёрная Деметра Десертная Долорес Кавказская Ярославна Шпанка

Дереккөздер

Санат:Раушангүлділер