Қарабаев Мұхамеджан Қарабайұлы (1858, Торғай облысы, Николаев уезі, №4 ауыл, — 10. 01. 1928, Қостанай) — алғашқы қазақ дәрігерлерінің бірі. Троицк гимназиясын (1881), Қазан университетінің мед. факультетін бітірген (1887). Сол жылы Қазан және Орынборда клиника дәрігері. 1888-1899 жылдары Қостанайда қалалық аурухана дәрігері, Ырғыз уезінде дәрігер (1907-1911). 1911-1916 жылдары Якут облысына жіберіліп, онда ел арасында көп тараған алапес ауруын емдеді. Өзінің 40 жылдық дәрігерлік еңбегімен республикамыздың денсаулық сақтау ісін ұйымдастыру, дамытуға елеулі еңбек сіңірді. Қазақ Совет Энциклопедиясы.1975. Том 6 Найман тайпасының Ергенекті руынан шыққан.

Дереккөздер

Санат:1858 жылы туғандар Санат:1928 жылы қайтыс болғандар

Санат:Қазақстан дәрігерлері Санат:Қазан университеті түлектері