'Шығыс шамшаты – шамшат тұқымдас жапырағы түскіш ағаш, биіктігі 20-50 метрге жетеді. Бүйірдегі жапырақ жүйкесі қосарланып келеді, ұзындығы 5-20см, жоғарғы қосалқы жапырақшалары жалпақ біз тәрізді, төменгілері түзу күрек, немесе түзу таспа секілді. Май, маусым айларында гүлдейді. Миуасы тамыз – қыркүйек айларында піседі. Таралуы Жабайы түрде Кавказда және Қырымда өсіп, көлемді орман құрайды. Жалпы қалың болып өсетін жерлері – Кіші Азия мен Балқан түбегінің шығыс жағы. Дереккөздер «Дәрілік өсімдіктер» М. Қожабеков
Kaynak ve lisans
Kaynak: Wikipedia — Шығыс шамшаты · katkı geçmişi.
Metin: CC BY-SA 4.0.
Metin düzenlemesi hakkında
Viki işaretlemesi ve şablonlar çıkarıldı; uzun metinler kısaltıldı.