Өндірістік маркетинг — қолданбалы маркетинг жүйесіндегі анағұрлым маңызды маркетингтердің бірі.
Өнеркəсіптік өндіріс — бұл тауарлар мен ресурстар ағымын саланың ішіне, сондай-ақ сыртына бағыттайтын салалар кешені. Өнеркəсіптік кешен үш бағытқа таралады: шикізат пен жартылай фабрикаттарды өндіруші салалардан алу, оларды қолдану, салаларды күрделі құрал-жабдықтармен, қосымша материалдармен қамтамасыз ету; құрал-жабдықтарды, материалдарды жəне тұтынушылық тауарларды жеке тұтынушыларға, мемлекетке, өндірістік жəне өндірістік емес ұйымдар мен экспортерларға сату; өңдеуші өнеркəсіптің ішіндегі жеке кəсіпорындар арасында жартылай фабрикаттармен, тораптармен, агрегаттармен, қосымша жəне дайын материалдармен, құрал-жабдықтармен алмасу;
Өндірістік (өнеркəсіптік) маркетинг келесі ұстанымдарды басшылыққа алады: өндірушінің өзіне айтарлықтай тиімді жəне қолайлы, тауарлар тұтынушыларға күштеп таңылатын өнеркəсіптің даму жолдарын қабылдамайды; өндіруші өз тауарларына тоқмейілсімей, тауардың тұты- нушылық қасиеттеріне сенімсіздікпен қарап, осының негізінде өндірісті жаңартып отыруы керек; бəсекелестерінен қаймықпай, оларға түзу қарай білу керек, олар қолданатын маркетинг құралы мен маркетинг желісін зерт- теуге тиісті; сыртқы ортаның өзгерісін ұдайы есепке алу қажет. А. Б. Рахимбаев, “Маркетинг теориясы жəне практикасы”, Алматы, 2009 Дереккөздер
Санат: Экономика Санат: Қаржы