Гаршино — Солтүстік Қазақстан облысы Ғабит Мүсірепов ауданы, Чистополь ауылдық округі құрамындағы ауыл. 2013 жылға дейін қысқарған "Гаршин ауылдық округі" орталығы болған.

Географиялық орны Аудан орталығы – Новоишим ауылынан оңтүстік-шығысқа қарай 73 км-дей жерде.

Халқы 1999 жылы жергілікті тұрғындар саны 598 адам (313 ер адам және 285 әйел адам) болса, 2009 жылы 428 адамды (225 ер адам және 203 әйел адам) құрады.2009 жылғы Қазақстан Республикасы халқының Ұлттық санағының қорытындылары. Астана 2011. 1 том

Дереккөздер

Санат:Ғабит Мүсірепов ауданы елді мекендері