thumb|left|200px|Банту тілдері - Нигер-конголез тілдерінің тобының құрамында сұр түспен белгіленген. Банту тілдері - Нигер-конголез тілдеріне жататын Орталық және Оңтүстік Африканың ежелгі тұрғындары тілдерінің үлкен бір тобы. Банту тілдерінің бастылары: аулу, кмконго, кикуйю, кимбунду, кирунди, коса, лингала, луба, луганда, макуа, малави, руанда, свази, сото, суахили, тсонга, чуана, шона т.б. Жалпы сөлейшілер саны - 310 млн адамға жуық (2004 жылғы мәлімет). Бұл - Африка халқының 30%. Банту тілдері агглюнатив жүйелі, грамматикалық құрылысы мен сөздік қоры жағынан бір-біріне өте жақын.
Бантулардың біразының (суахили, басуто) жазуы мен әдебиеті бар Қазақ Совет энциклопедиясы/Бас редакторы М.Қ.Қаратаев - Алматы, 1972, 2 том.
Тілдің құрамы
Қазіргі тіл білімі мен этнография Банту тілдерін территориялық принципы бойынша ірі-ірі 15 зонаға бөледіMaho, Jouni Filip. A classification of the Bantu languages: an update of Guthrie’s referential system// Nurse & Philippson 2003, p. 639—651. (адам саны 2000 жылдың мәліметі бойынша): thumb|left|300px|Банту тілдерінің территориялық принципы бойынша бөлінуі. №Зона мемлекеті тілдердің саны адамсаны 1 A зонасы Камерун және онымен шекаралас мемлекеттер 52-53 5,1 млн адам 2 В зонасы Конго, Габон және Заирдың солтүстік-батыс аймақтары 52 1,6 млн адам 3 С зонасы Заир (ДРК) және Конго 69 6,2 млн адам 4 D зонасы Заир (ДРК) және Судан 32 2,3 млн адам 5 Е зонасы Кения және Оңтүстік Танзания 36 16 млн адам 6 Ғ зонасы Орталық және батыс Танзания 16 7 млн адам 7 G зонасы Шығыс Танзания, Занзибар және Пемба аралдары 36 8,5 млн адам 8 Н зонасы Конгоның оңтүстігі, Конго-Заирдың (ДРК) қиыр батысы және солтүстік Ангола 22 12,5 млн адам 9 J зонасы D және Е зоналарында 45 35 млн адам 10 К зонасы Анголаның оңтүстік-шығысы, Замбия және Ботсвананың солтүстік-батысы 27 4,6 млн адам 11 L зонасы Заирдың (ДРК), Анголаның, Замбия және Ботсвананың оңтүстігі 14-18 10,6 млн адам 12 N зонасыТанзания, Малави және орталық Мозамбик 13 14 млн адам 13 Р зонасы Мозамбиктің солтүстік-шығысы және Танзанияның оңтүстік-батысы 29 12,6 млн адам 14 R зонасы Анголаның оңтүстік-батысы, Намибия мен Ботсвананың солтүстігі 12 5,8 млн адам 15 S зонасы Зимбабве, ОАР, оңтүстік Мозамбик, оңтүстік Ботсвана, Лесото және Свазиленд 26 58 млн адам
Дереккөздер