Езел () — продюсерлігін Ay Yapim компаниясы жүзеге асырған, режиссері Улуч Байрактар, көмекші режиссері Мерт Акбаш болған, сценарийін Керем Дерен мен Пынар Булут жазған түрік экшн-драма телехикаясы. Сериалдың көрсетілімі 2009 жылғы 28 қыркүйекте Show TV арнасында басталып, 2011 жылғы 20 маусымда atv арнасында көрсетілген 71-бөлімімен аяқталды. Барлығы 2 маусымнан тұратын бұл сериал француз жазушысы Александр Дюманың 1844 жылы аяқтаған тарихи-шытырман оқиғалы «Монте-Кристо графы» романының желісі бойынша түсірілген. Сериал өмірі бір сәтте түнекке айналған жан жайлы. Фильмде басты рөлді танымал актер Кенан Имирзалыоғлы сомдады.

Маусымдардың қысқаша мазмұны 1-маусым (2009–2010) Өмер Учар (Исмаил Филиз) автожөндеу шеберханасында шәкірт болып жұмыс істейді және отбасымен бірге қарапайым өмір сүреді. Оның әкесі Мүмтаз бей (Беязыт Гүлержан) — ағаш ұстасы, отбасы абыройын бәрінен жоғары қоятын әрі адал өмір сүруді өмірлік қағидасына айналдырған адам. Анасы Мелиха ханым (Ипек Билгин) көзі көрмейтін болса да, түйсігі өте күшті әйел. Өмер айналасындағы адамдарға тез сенетін әрі оларға оңай сенім артатын жан. Шеберханадағы өзіне аға тұтатын, «Қысқыш» лақап атымен танымал Әли (Барыш Фалай) және балалық шағынан бергі досы Женгиз (Йигит Өзшенер) — оның ең жақын достары. Сонымен қатар оның жанын беруге дайын, шын жүректен сүйетін қызы — Эйшан (Жансу Дере) бар.

Бір күні осы үш жақын адамы Өмерге опасыздық жасап, сатқындық жасайды. Соның салдарынан Өмер түрмеге түседі. Сол жерде ол «Рамиз ағай» (Түнжел Күртіз) деген лақап атпен белгілі жұмбақ адаммен танысады.

2-маусым (2010–2011) Езел (Кенан Имирзалыоғлы) бірінші маусымның соңында бұрынғы достарын жеткілікті дәрежеде жазаладым деп есептеп, өзінің шынайы кім екенін жариялайды. Алайда осыдан кейін екінші негізгі оқиға желісі алдыңғысымен астаса өрбіп, алдыңғы қатарға шыға бастайды. Рамиз Караескиден (Түнжел Күртіз) де күшті қарсылас — Кенан Биркан (Халук Билгинер) пайда болады. Сонымен қатар Рамиз бен Кенанның осыдан 30 жыл бұрын ең жақын достар болғаны, бірақ екеуі де ғашық болған Селма Хүнелге (Нурхан Өзенен) байланысты аралары біржола бұзылғаны белгілі болады. Рамиз ағай Езелді өз ұлындай жақсы көргенімен, оны тәрбиелеуінің тағы бір себебі болған. Ол Кенанмен болатын күресте өзіне көмектесетін сенімді әрі қабілетті оң қол дайындағысы келген еді. Екінші әрі соңғы маусымда оқиғалар шешуші түйінге қарай бет алып, сюжет өте қарқынды дамиды.

Түсірілімдер Сериал эпизодтарының басым бөлігі Ыстанбұл қаласында түсірілген. Сонымен қатар кейбір бөлімдері Солтүстік Кипр Түрік Республикасында, Хорватияда және Англияда түсірілген. Ал түрме көріністері Анкара қаласындағы Улужанлар түрмесінде түсірілген.artık dizi seti olduСериал жайлы мәліметтер

Актерлік құрам Ойыншы Кейіпкер Түсініктеме Кенан Имирзалыоғлы Езел Байрақтар Өмердің бет-әлпетін өзгерткендегі жаңа тұлғасы. Джансу Дере Ейшан Тезжан Өмердің ғашығы, Дженгиздің әйелі, Жанның анасы. Йигит Өзшенер Дженгиз Атай Өмердің бауыр тұтқан досы, кейін қарсыласы. Барыш Фалай Әли Қырғыз Лақабы Әли Қысқыш, Өмердің аға тұтқан, кейін сатып кеткен адамы. Бурчин Терзиоғлы Азат Қараески Рамиздің қызы. Тунжел Куртиз Рамиз Қараески Өмердің ақылшысы, Ағасы. Нұрхан Өзенен Селма Хүнел Рамиз Қараескидің сүйікті әйелі. Халүк Бильгинер Кенан Биркан Рамиздің Стамбұлға келгендегі досы, кейін қарсыласы. Сарп Аккая Тефик Заим Ағаның бас адамы. Баде Ишчиль Шебнем Сертуна Езелдің көмекшісі. Седеф Авжи Бахар Тезжан Ейшанның сіңлісі. Салих Калион Сердар Тезжан Ейшанның әкесі. Беррак Түзүнатач Баде Уйсал Езелдің досы, Ейшаннан кейінгі сүйіктісі. Риза Коджаоғлы Темуз Коджаоғлы Кенан Бирканның бас көмекшісі. Кыванч Татлытұғ Секиз Рамиздің немересі. Әлемдегі таратылымы Ел Арна Мерзім RTV Klan 2011-2012 Telefe 11 мамыр 2015- BHRT 2011 Rede Bandeirantes 2016 Deepto TV 13 қараша 2018- Mega 2014 RTL Televizija 2011-2012 Caracol Televisión 2015 Prima Love 2011 RTL Klub Gem TV/Gem Classic 2010/2011 Хабар 2011 Geo Kahani 2013 Latina 2015 Kanal D Romania 2010-2011 MBC4 2012 Kurdsat 2016-2017 TV Doma 2012 Prva Abu Dhabi Al Oula 2010 ANT1 TV 2011 RTV21 2013 Viva Plus - Swarnavahini 2018 Nova Netflix Zoʻr TV 2020 ARB TV

Дереккөздер

Сыртқы сілтемелер Official Website in Slovakia Ezel ezel_mdblej Ezel Ezel (Urdu Translation Episodes)-Mohabbat Санат:Түркия телесериалдары tr:Ezel (dizi)