Найза – Амантау тауларының оңтүстік-шығысын кұрайтын тау.

Геологиялық орны Қарағанды облысы Нұра ауданы Амантау ауылының оңтүстік-батысында 10 км жерде орналасқан.

Жер бедері Таудың ұзындығы 3 км, енді жері 1,5 км шамасында. Тау беткейлері тіктеу әрі жартасты келген. Беткейлері сай-жыралармен тілімденген. Соналы және Ақтасты өзендерінің салалары бастау алады.

Өсімдігі Тауалды даласында қараған, ши аралас жусан, көде, боз, бетеге, ажырық, т.б. шөптесіндер өседі.Атамекен Географиялық энциклопедия. Алматы 2011 ISBN 9965-893-70-5

Дереккөздер

Санат:Нұра ауданы таулары