thumb|right|200px|Моноаминоксидаза A thumb|right|200px|Моноаминоксидаза Б Моноаминоксидаза—оксидоредуктаз класына жататын фермент. Моноаминоксидаза моноаминдердің, оның ішінде биогендік аминдердің дезаминденіп тотығуын катализдейді.Моноаминоксидаза митохондрийдің сыртқы мембранасында жиналады да, онымен мықты липопротеид комплекс құрады. Моноаминоксидазаның простетикалық тобы-белокпен ковалентті байланысқан флавинадениндинуклеотид (ФАД). Моноаминоксидазаның активтілігіне сульфгидрильді топтардың маңызы бар.Моноаминоксидаза биологиялық активті қосылыстардың ыдырауына да олардың түзілуіне де қатысатын болу керек.Қазақ Совет Энциклопедиясы,8 том Дереккөздер
Санат:Ферменттер