Уинстенли Джерард (1609-1652) - XVII ғасырдағы ағылшын утописі, ағылшын бурж. революциясындағы солшыл ағым идеологі, күйзеліске ұшыраған халық бұқарасының мүдделерін қорғағандардың бірі. Өзінің саяси-әлеуметтік идеалында теологиядан алыс кете алмаса да, көбінде рационализм позициясына көшті және жекеменшікті әшкерелеу ниетіндегі табиғи хұқ теориясын уағыздады. Этика мен мораль мәселелерін материалистік тұрғыда түсіндірді. "Азаттық заңдары" атты негізгі шығармасы "теңгермелі коммунизм" идеясына толы. Мұнда ол оны бейбіт түрде іске асыруға қарекет жасайды. Сол тұстағы Англиядағы өндіріс әдістерінің шынайы белгілерін Уинстенли коммунистік принцип бойынша қарастырып, өнімдерді тікелей айырбастау жолымен бөлісу керек деп есептеді. Дәйекті демократиялық республика - Уинстенлидің ең жоғарғы саяси идеалы болды. Санат:Ғалымдар Санат:1609 жылы туғандар Санат:1652 жылы қайтыс болғандар Дереккөздер Қазақ Энциклопедиясы - "Философиялық сөздік"
Kaynak ve lisans
Kaynak: Wikipedia — Уинстенли Джерард · katkı geçmişi.
Metin: CC BY-SA 4.0.
Metin düzenlemesi hakkında
Viki işaretlemesi ve şablonlar çıkarıldı; uzun metinler kısaltıldı.