Қарасор — Шағалалы алабындағы көл.

Географиялық орны Солтүстік Қазақстан облысы Тайынша ауданының солтүстік-батысында, теңіз деңгейінен 123,4 м биіктікте орналасқан.

Гидрографикасы Аумағы 75,5 км2, ұзындығы 27,3 км, енді жері 6 км, жағалау бойының ұзындығы 73,2 км.

Жағалау сипаты Түбі тегіс, жағалауы саздақты жазық. Төңірегі ойдым-ойдым батпақты сор. Жағалауында қамыс, құрақ өскен. Атырабының 10%-ынан астамы егістік, тың жері бозды-бетегелі, жусанды келген. Көл маңы жайылым ретінде пайдаланылады.Қазақстан табиғаты:Энциклопедия / Бас ред. Б.Ө.Жақып. - Алматы:" Қазақ энциклопедиясы" ЖШС, 2011. Т.З. - 304 бет. ISBN 9965-893-64-0 (Т.З.), ISBN 9965-893-19-5

Дереккөздер

Санат:Тайынша ауданы көлдері Санат:Ертіс су алабы көлдері