Қатынкөл — Қарағанды облысы Қарқаралы ауданының солтүстік бөлігінде, Қарасор көлінен оңтүстік-батысқа қарай 6 км жерде орналасқан көл.

Гидрографикасы Аумағы 9,5 км2, ұзындығы 5,5 км, енді жері 2,2 км, жағалауының ұзындығы 16,3 км, ең терең жері 3,2 м, су жиналатын алабы 364 км2. Су көлемі 17,04 млн. м3. Жер асты, қар суларымен толысады. Көлге Жарым өзені құяды. Су тұзды, кермек татиды, сілтілігі төмен. Көлдегі тұз қоры 500 мың т-ға жетеді (негізінен натрий мен магний хлоридтері).

Жағалау сипаты Жағалаулары тік жарлы, бетеге, жусан, қызыл мия, ши өсетін жайылмалық және одан жоғары 2 террасадан тұрады (су деңгейінен 2-5 м биік).Қазақстан табиғаты:Энциклопедия / Бас ред. Б.Ө.Жақып. - Алматы:" Қазақ энциклопедиясы" ЖШС, 2011. Т.З. - 304 бет. ISBN 9965-893-64-0 (Т.З.), ISBN 9965-893-19-5

Дереккөздер

Санат:Қарқаралы ауданы көлдері