Ха Чжи Вон () - Оңтүстік Кореялық әнші, әрі актриса. Әмірші әйел, Таңғажайып бақ сериалдарындағы рөлдері оған бүкіләлемдік танымалдылық алып берді.
Биографиясы Ха Чжи Вон 1978 жылы Сеул қаласында дүниеге келген. Оның шын есімі – Чон Хе Рим. Оңтүстік Кореяда актерлердің шын есімін лақап атқа ауыстыру кең тараған құбылыс болып саналады. Чжи Вон сахналық есім таңдауда көп ойланды. Десе де менеджерінің ұсынған есіміміне тоқталды. Менеджер өзінің алғашқы махаббатының есімін ұсынады. Актрисаның балалық шағы үлкен отбасында өтті. Отбасында Чжи Воннан бөлек тағы үш бала тәрбиеленді. Актрисаның інісі Чон Тхэ Су белгілі киноактер. Translated into English at
Мансабы Қазіргі уақытта Чжи Вон Оңтүстік Корея кино әлемінің ең талантты, ең танымал актрисасы саналады. Ол мінез-құлықтары әртүрлі жан-жақты рөлдері жиі ойнайды. Актриса драма, комедия, атыс-шабыс тіпті қорқынышты фильмдер жанрдағы туындыларда рөлдерін жақсы алып шыққан. Ол өзінің бірінші рөлін 1996 жылы жастарға арналған сериалдардың бірінде сомдаған. Осыдан кейін көбіне екінші пландағы рөлдерді сомдады. Тек үш жыл өткеннен кейін ғана оның жолы болды. «Мектеп 2» фильміндегі сомдаған жасөспірімнің рөлі актрисаға көрермендер мен сыншылардың назарын аудартты. 2000 жылы актриса «Secret» фильміндегі рөлі үшін «Үздік жаңа актриса» жүлдесін жеңіп алды.Ха Чжи Вон. Биографиясы, фильмографиясы
Фильмографиясы Teлесериалдары Жыл Атауы Рөл Телеарна 1996 Adults Don't Know студент KBS2 1998 Dragon's Tears На Ин1999 Dangerous Lullaby Young-eun School 2 Жаң Се Ин 2000 Secret Ли Джи Ен MBC 2001 Life is Beautiful Рю Хи Жин KBS2 2002 Sunshine Hunting Пак Та Гён 2003 Damo Джан Че Ок MBC 2004 What Happened in Bali Ли Су Жон SBS 2005 Fashion 70's Cameo 2006 Хван Жин И Хван Жин И KBS 2010 Таңғажайып бақ Гил Ра Им SBS 2012 The King 2 Hearts Ким На На MBC 2013-2014 Әмірші әйел Патшайым Ки MBC 2015 The Time We Were Not in Love О На На SBS
Дереккөздер
Сілтемелер
Ha Ji-won on Weibo
Санат:Оңтүстік Корея актрисалары Санат:28 маусымда туғандар