Замир Садықұлы Сағынов (18 қазан 1966, Батыс Қазақстан облысы) — қазақстандық қоғамдық және саяси қайраткер, 2026 жылдан бергі Әділет партиялық тізімімен сайланған 1-шақырылған Қазақстан Құрылтайының депутаты.

Өмірбаяны Өскемен құрылыс-жол институтын «Автомобиль жолдары» мамандығы бойынша тәмамдаған, инженер-құрылысшы. 1991 -1998 жылдар аралығында Фурманов аудандық автожол мекемесінде жол мастері, прораб, Облыстық "Орал жолдары" қазынашылық кәсіпорынының бас инженері, жол қауіпсіздік байланыс және жол қорғау бөлімінің бас маманы болып қызмет еткен. 1999-2006 жылдар аралығында Батыс Қазақстан облыстық "Қазақавтожол" РМҚК пайдалану жөніндегі директор орынбасарының міндетін атқарушы, Батыс Қазақстан облыстық Автомобиль жолдары басқармасының бастығы, Казталов ауданының әкімі қызметін атқарған. 2006 жылдың наурыз айынан Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрлігі Көлік инфрақұрылымын дамыту комитеті төрағасының бірінші орынбасары. 2008 жылдың қаңтар айында Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрлігі Көлік инфрақұрылымын дамыту комитетінің төрағасы лауазымына тағайындалды. 2007-2014 жылдары Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрлігі Автомобиль жолдары комитетінің төрағасы қызметін атқарды. 2014 жылдың наурыз айынан тамыз айына дейін Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрлігінің жауапты хатшысы болды. 2015 жылдың тамызынан - Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің жауапты хатшысы қызметіне тағайындалды.Қазақстанда осы аптадағы жаңа кадрлық тағайындаулар

2026 жылғы парламент сайлауы нәтижесінде Әбдікешов Әділет партиялық тізімі арқылы 2026 жылғы 28 тамызда Қазақстан Құрылтайының депутаты атанады.

Марапаттары Ерен еңбегі үшін медалі Астанаға 10 жыл медалі.Замир Садықұлы Сағынов

Дереккөздер

Санат:Қазақстан қоғам қайраткерлері Санат:Казталов ауданының әкімдері Санат:Ерен еңбегі үшін медалінің (Қазақстан) иегерлері Санат:Астанаға 10 жыл медалінің иегерлері Санат:Қазақстан Құрылтайының I шақырылымының депутаттары