Мәди Қанатбайұлы Елеусізов (3 сәуір 1976 жыл Ақтөбе облысы) - қоғам қайраткері, Мәртөк ауданының әкімі (2010-2015).
Өмірбаяны 1997 жылы Қ.Жұбанов атындағы Ақтөбе мемлекеттік университетін экономист 2007 жылы Ресей кеден академиясын (Мәскеу қ.) заңгер мамандығы бойынша тәмамдаған. 1997-2009 жылдары - «Южбозой» акционерлік қоғамының, Ақтөбе облысы бойынша Кеден басқармасының экономисі. 2009-2010 жылдары - Ақтөбе облысы әкімі аппарат жетекшісінің орынбасары қызметтерін атқарған. 2010 жылдың сәуір айынан бастап Ақтөбе облысы Мәртөк ауданының әкімі.Мәди Қанатбайұлы Елеусізов 2015 жылдың ақпанынан «Нұр Отан» партиясы Ақтөбе облыстық филиалы төрағасының бірінші орынбасары. 2015 жылдың тамызынан - Ақтөбе облысы әкімі аппаратының басшысы болып тағайындалды.Ақтөбе облысы әкім аппаратының жаңа басшысы
Қоғамдық қызметі «Нұр Отан» ХДП мүшесі.
Дереккөздер
Санат:3 сәуірде туғандар Санат:1976 жылы туғандар Санат:Ақтөбе облысында туғандар Санат:Мәртөк ауданының әкімдері Санат:Қазақстан қоғам қайраткерлері