Жалтыр – Жайық өзенінің атыраулық алабындағы көл.

Географиялық орны Атырау облысы Махамбет ауданы жерінде. Каспий ойпатының орта бөлігінде, Нарын құмының оңтүстік-шығысында, теңіз деңгейінен 25,3 м төмен жатыр.

Гидрографикасы Аумағы 93 км2, ұзындығы 13,4 км, енді жері 8,3 км. Жауын-шашын және Жайықтың жайылма суымен толысады. Көлге Жайықтың Бағырлай тармағы құяды, көктемде Бақсай өзенінің жайылмасымен ұласады. Жағасы жайпақ, батпақты, сортаң, құмды келеді. Желтоқсан – наурыз айлары аралығында мұзы қатады. Суы тұщы, шілде – тамыз айларынан бастап суы тым кермектенеді. Алабындағы жайылымды суландыру үшін пайдаланылады.ҚАЗАҚСТАН ТАБИҒАТЫ: Энциклопедия Алматы: «Қазақ энциклопедиясы» ЖШС, 2008. ISBN 9965-893-20-9

Дереккөздер

Санат:Жайық су алабы өңірі Санат:Махамбет ауданы көлдері