Құмдыкөл - Есіл алабындағы көл.
Географиялық орны Көкшетау қыратының орта бөлігінде, Ақмола облысы Бурабай ауданы Қарашілік ауылының батысында 10 км жерде орналасқан. Теңіз деңгейінен 377 м биіктікте жатыр.
Гидрографикасы Аумағы 10,2 км2, ұзындығы 4 км, енді жері 3,9 км, жағалау бойының ұзындығы 12,8 км. Суы тұщы. Көктемгі еріген қар, жауын-шашын суларымен толысады. Қараша айында қатып, сәуірдің аяғында ериді.
Жағалау сипаты Солтүстік жағалауы жазық, оңтүстік бөлігіндегі жарқабақта шоқ қарағайлар өскен. Солтүстік-батысында Нарөлген тауы, оңтүстігінде Ұрымқай көлдері жатыр. Жағалауы жайылым мен шабындық ретінде пайдаланылады.Қазақстан табиғаты:Энциклопедия / Бас ред. Б.Ө.Жақып. - Алматы:" Қазақ энциклопедиясы" ЖШС, 2011. Т.З. - 304 бет. ISBN 9965-893-64-0 (Т.З.), ISBN 9965-893-19-5
Дереккөздер
Санат:Бурабай ауданы көлдері Санат:Есіл су алабы