Қара шулығаш () – шағын денелі (40-45 г, қанатының алымы – 45 см мөлшерінде) шулығаш. Қара шулығаштың реңі – қара, алқымы – ақшыл, қанаты – орақша иілген ұзын және аяғы – өте қысқа. Жылдам және оңтайлы ұшады. Ол әуеде ұшып жүріп, шіркейлерді жейді. Қиқуы – «стри-и» деген ащы дауыспен үйірде шуыл шығаратындықтан «шулығаш» деп аталған.
Еуразия (Байкал аймағынан шығысқа қарай) және Солтүстік-Батыс Азияға кең таралған. Бүкіл Қазақстан бойынан кездеседіҚұстар. Мектеп энциклопедиясы, 2010, Ковшарь Анатолий Федорович, ISBN 978-601-282-168-0, 352 бет, Алматы: Атамұра.
Дереккөздер
Санат:Ұзынқанаттылар