Биль (нем. Biel), Бьен (фр. Bienne) — Швейцарияның қаласы, Берн кантонында, аттас көлдің жағасында орналасқан (нем. Bielersee, фр. Lac de Bienne).Биля аумағында дамыған туристік инфрақұрылымы бар.
География Биль — Берн кантонында көлемі бойынша екінші орын алып жатыр. Биль қаласы теңіз деңгейінен 434 метр биіктікте орналасқан. Аймағы - 2162,7 га. Бильский көлінің орташа су деңгейі - 429,23 метр.
Тарихы 11 ғасырда Биль қаласы соғылды, 1275 жылдан бастап жалдауын алған. 1352 жылдан бастап Бернмен мәңгілік союзда болып саналады. 1815 жылдан бастап Берн кантона құрамында кірген.
Биль - Швейцарияның ең үлкен екі тілді қала болып саналады. Биль қаласы Юра тауларының етегінде орналасқан. Биль қаласы 14 орамнан тұрады. Vingelz Rebberg-Beaumont IG (Interessengemeinschaft) Plänke Neumarktstrasse — Oberer Quai Stadtpark Zukunft / Kongresshaus Bahnhof Mühlefeld Möösli Linden Mett Ostquartier Bözingen Altstadt
Қаланың этникалық құрамы Тұрғынның саны - 50 852 адам; 27,6 % қала тұрғындары — 130 елден келген шетелдіктер; Итальяндықтар — 3904 адам; бұрынғы Югославия елдері — 1345 адам; Испандар — 1258 адам; Түріктер — 807 адам; Әр түрлі Азия елдерінен келген 1022 адамдар;
Экономика Биль қаласы сағат өнеркәсібінің әлемдік орталығы болып табылады. Бұл қалада орналасқан штаб-пәтерлер: Швейцария Федерациясының сағат өнеркәсібінің штаб-пәтері (фр. Fédération de l'industrie horlogère Suisse FH) Swatch Group компаниясының штаб-пәтері Rolex компаниясының өндіріс орталығы Glycine компаниясының өнеркәсібі және штаб-пәтері
Спорт Биль — спорттық қала. Биль қаласының 60-дай тіркілген клубтары бар.
Спорт клубтарының кейбірлері: Swim Team Biel/Bienne — жүзу; EHC Biel/Bienne — хоккей клубы; Karate-Do Biel/Bienne — каратэ-до; Triathlon Club Seeland — триатлон; Спортты гимнастика клубы Bötzingen; Әйелдердің спортты гимнастика клубы Madretsch; бірнеше теннистік клубтар: Tennisclub Biel/Bienne, Tennisclub Schlossmatte; aikido club Biel/Bienne — айкидо; kashiva kan karatedo Biel-Bienne — каратэ-до клубы; 8 футбол клубтары: (АС Azzurri Bienne, FC AURORE — Bienne, FC Mett және тағы басқа); Biel-Bienne Bikers — велоспорт клубы; Handballsport Biel — гандбол ; AFC Bienna Jets — американдық футбол клубы; FSG Bienne Romande — аэробика және тай-чи; HotWhells — inlineclub; VCB Biel-Bienne — әйелдік волейбол клубы; Leichtathletikclub Biel — жеңіл атлетика;
Галерея
Дереккөздер
Сыртқы сілтемелер business-swiss.ch
Санат:Берн кантоны қалалары