Арида қурайы () — көпжылдық өсімдік. Цилиндр тәріздес жуантамырлы, сабағының жоғары жағын қураған жапырақтары түк сияқтанып орап тұрады. Сабағы дара, ұзындығы 60-80 см, орта тұсынан жоғары бұтақшалы болады, жоғарғы бұтақшасы құрғақ келеді. жапырақтары тұтас жалаңаш, тамырсабағы ұзын шыбықша, жапырақшалары төртсүйір, ұштары ұшталып келеді, ұзындығы 3 см және көлемі 0,5 мм. Сабағындағы жапырақтары өте сирек, қынабына жабысқан. Орталық шатыргүлі дара, одан басқа жанама 1-2 шатырша гүлдері болады. Гүлдері сарғыш, гүлжапырақшалары сопақша-жұмыртқа тәріздес, ішке қарай оралған. Шөлейтті ойпаттарда, шағылды құмдауыт төбелерде өседі. Ферула, көпжылдық өсімдік тұқымы. Өте мықты өсімдік, диаметрі 10 см болғанымен, кейде биіктігі 2-3 м дейін жетеді. Оның қазірде 130-дан астам түрі белгілі Killip, 1922 In: Journ. Wash. Acad. Sc., 12: 256 World Plants: Synonymic Checklists of the Vascular Plants of the World .

Дереккөздер

Санат:Қос жарнақтылар