Джона Хилл Фелдштейн (, Джона Хилл есімімен танымал; Лос-Анджелесте, Калифорния, АҚШ туған) — американдық актер және сценарист, екіреттік «Оскар» (2012, 2014) марапатының номинанты, нақтылай айтқанда, «MoneyBall» және «Уолл-стрит қасқыры» фильмдері үшін "Үздік екінші пландағы актер" номинациясы .
Әйгілікті «SuperНашар» (2007), «Get Him to the Greek» (2010), «MoneyBall» (2011), «Джамп көшесі, 21» (2012), «Уолл-стрит қасқыры» (2013), «Джамп көшесі, 22» (2014) фильмдерінен соң алды. Хилл Forbes журналында 2014 - 2015 маусым аралығында әлем бойынша ең қалталы актерлер тізімінде 28-орынды иемденді, оның қаржысы 16 миллион $.
Дереккөздер