Netflix, Inc. (NETFLIX) — америкалық халықаралық ойын-сауық, көңіл көтеру бағытындағы оригинал фильмдер мен сериалдар өндіретін ақылы стримдік компания. 1997 жылы 29 тамызда Скоттс-Вэллиде (Калифорния) Рид Хастингс пен Марк Рэндольф құрған. Ол онлайн ағындық мультимедиа тарату және тапсырыс бойынша видео және пошта арқылы DVD ұсынуға маманданған. 2013 жылы Netflix фильм және телевизия өндіру, сондай-ақ онлайн таратуды қосты. Қазіргі уақытта компания штаб-пәтері Калифорниядағы Лос-Гатос қаласында.
2016 жылы компания 126 фильм мен сериал шығарды. Бұл кез-келген басқа желілік және кабельдік арналарға қарағанда көп. 2019 жылы сәуірге сәйкес Netflix-тің дүние жүзі бойынша 148 миллионнан астам жазылушысы бар, оның ішінде 60 млн АҚШ-тан.
Негізінің қалану тарихы Netflix-ті 1997 жылы 29 тамызда Скоттс Валлийде, Калифорнияда Марк Рандольф пен Рид Хастингс құрған. Олар Netflix идеясын Санта-Круздағы үйлерімен және Sunnyvale-дегі Pure Software компаниясының штаб-пәтері арасында саяхаттау кезінде ойлап тапты.
Хастингс Netflix үшін стартапқа 2,5 миллион доллар инвестициялады. Олардың пікірінше, фильмдерді VHS бейнекассеталарына жеткізу олардың көлемінің салыстырмалы түрде үлкен болуына және сәйкесінше сақтаудың қолайсыздығына байланысты тиімсіз болды. Netflix әлемдегі алғашқы онлайн жалға беру дүкені ретінде басталды, тек 30 қызметкері мен 925 фильмі бар, жалға ақы төлеу моделін қолдана отырып, ставкалары мен қайтару уақыты негізгі бәсекелесі Blockbuster-ге ұқсас.
нобай|300x300 нүкте|Лос-Гатостағы (Калифорния) Netflix штаб-пәтері.
Дүние жүзі бойынша таралуы thumb|400x400px|2022 жылдың наурыз айына сәйкес Netflix-тің әлем елдеріндегі болуы
2007Netflix АҚШ-та таратыла бастады.2010Компания алғаш рет халықаралық нарыққа қызмет көрсетуді 2010 жылы 22 қыркүйекте Канадада бастады.2011Netflix әрі қарай қызметін ұсынуды Бразилияға, Испан тілді Америкаға, Карибтер аймағына және Гвианаға дейін кеңейтті.2012Netflix 2012 жылы 4 қаңтарда алғаш боп Ұлыбритания мен Ирландияда іске қосылу арқылы Еуропаға енуін бастады. Қыркүйектің 18 мәліметіне сәйкес ол Дания, Финляндия, Норвегия және Швецияға дейін тарату аймағын кеңейтті.2013Компания кеңеюін бәсеңдетті. Себеп: жазылу құнын реттеу. Нидерланд ғана қосылды.2014Netflix-ті көру Аустрия, Бельгия, Франция, Германия, Люксембург, және Швейцарияда мүмкін бола бастады.2015Netflix Аустралия, Жаңа Зеландия, Жапония, Италия, Португалия және Испанияға шығып, кеңейді.2016Netflix 2016 жылдың қаңтарында Электроника тұтынушылар шоуында (Consumer Electronics Show) өздерінің құрлықтық Қытай, Сирия, Солтүстік Корея және Қырым аймағынан басқа әлемнің барлық жерінде қолжетімді екенін жариялады.2022 Netflix 2022 жылы 6 наурызда Ресейдегі қызметін тоқтатты және 30 мамырда елден толық шығуын аяқтады.
Қарыздар Netflix 2016 жылы 126 өз сериалдары мен фильмдерін түсіріп, осы көрсеткішпен басқа желілік және кабелдік арналар үздігі болды. Оның жаңа мазмұн шығару мен қосымша мазмұнның құқығын қорғау, 190 елге таралу әрекеттері миллиардтаған қарызға тіреді: 2017 жыл қыркүйегіне сәйкес $21.9 миллиард, 2018 жылға қарағанда $16.8 миллиард. оның $6.5 милларды ұзақ-мерзімді қарыз, қалғаны ұзақ-мерзімді облигациялар. 2018 қазан айында Netflix жаңа мазмұнды контент жасау мақсатында тағы $2 миллиард қаржы қарыз алатынын мәлімдеген.
Дереккөздер
Сыртқы сілтемелер
Санат:АҚШ компаниялары Санат:1997 жылы құрылған компаниялар