Федор Филиппович Акимов (08.05.1915 – 27.04.1965) – Екінші дүниежүзілік соғысқа қатысушы, пулеметшілер командирі, Кеңес Одағының Батыры (1943).

Өмірбаяны 1915 жылы Ресей империясы, Торғай облысы қазіргі Ақтөбеде туған. Курск облысының Рыльск қаласының солтүстігінде, Гомель облысы Асмолево дереревнясы, Киевтің солтүстігінде Днепр жағалауы үшін болған ұрыстарда ерекше көзге түсті. Аға сержант Акимов өз бөлімімен Глебовка пристаны маңынан қайтадан Днепрден өтуге ұмтылған солдаттарға жәрдемдесті. Днепрден өтіп, Казаровичи селосын алды.

Марапаттары Ленин, Қызыл Жұлдыз ордендерімен, медальдармен марапатталған. Кеңес Одағының Батыры (1943). Соғыстан кейін Ташкент облысының Қыбрай қ.т кентте қызмет істеді.Ақтөбе: энциклопедия. - Ақтөбе, 2001. - 748 бет

Дереккөздер

Санат:Екінші дүниежүзілік соғыстың қатысушылары Санат:Кеңес Одағының батырлары