Ақжайық ауылдық округі – Батыс Қазақстан облысы Теректі ауданындағы әкімшілік бірлік.

Әкімшілік құрамы Құрамына Ақжайық, Абай, Ақжайық шипажайы, Талпын, Ыждағат ауылдары кіреді. Орталығы – Ақжайық ауылы. Округ құрамында болған Сүттигенді ауылы 2020 жылы таратылған.Батыс Қазақстан облысының Теректі ауданының кейбір елді мекендерін тарату туралы

Халқы 2021 жылғы санақ қорытындысы бойынша 4207 адамды (2135 ер адам және 2072 әйел адам) құрады.2021 жылғы ұлттық халық санағының қорытындылары

Дереккөздер

Санат:Теректі ауданы ауылдық округтері