«Андерлехт» (нидерл. Royal Sporting Club Anderlecht — "Андерлехт Корольдық спорт клубы") — Бельгиялық футбол командасы. Брюссель қаласынан. Андерлехт - Брюссельдегі коммунаның атауынан алынған. 1908 жылы құрылған. Бельгияның 34 дүркін чемпионы.

Тарихы Клуб үйдегі матчтарын "Констант Ванден Сток" стадионында өткізеді. Стадионның іргесі 1917 жылы қаланған. Арада төрт жыл өткен соң "Андерлехт" бірінші рет Бельгияның жоғары дивизионына жолдама алды. Ал алғашқы чемпиондықты тағы 26 жыл күтуге тура келді. 1947 жылы клуб Бельгия чемпионы атанды да, содан бастап елдегі ең күшті клубтардың біріне айналды. 1963-68 жылдар аралығында қатарынан бес рет Бельгия чемпионатында топ жарып, рекорд жасады. Қазір "Андерлехт" Бельгия Ұлттық футбол құрамасының базасына айналған клуб.

1976 және 1978 жылдары Кубок иелерінің кубогын ұтты, ал 1983 жылы УЕФА кубогын жеңіп алды. Еуропа суперкубгына екі рет қол жеткізген: 1976, 1978.

Жетістіктері Бельгия чемпионы (34) — 1946/47, 1948/49, 1949/50, 1950/51, 1953/54, 1954/55, 1955/56, 1958/59, 1961/62, 1963/64, 1964/65, 1965/66, 1966/67, 1967/68, 1971/72, 1973/74, 1980/81, 1984/85, 1985/86, 1986/87, 1990/91, 1992/93, 1993/94, 1994/95, 1999/00, 2000/01, 2003/04, 2005/06, 2006/07, 2009/10, 2011/12, 2012/13, 2013/14, 2016/17 Бельгия кубогы (9) — 1964/65, 1971/72, 1972/73, 1974/75, 1975/76, 1987/88, 1988/89, 1993/94, 2007/08 Бельгия суперкубогы (13) — 1985, 1987, 1993, 1995, 2000, 2001, 2006, 2007, 2010, 2012, 2013, 2014, 2017 Кубок иелерінің кубогы (2) — 1976, 1978 Еуропа суперкубогы (2) — 1976, 1978 Жәрмеңкелер кубогы (1) — 1970 УЕФА кубогы (1) — 1983

Құрамы

Сыртқы сілтемелер Клубтың ресми сайты Ютубтағы клубтың каналы

Санат:Бельгия футбол клубтары Санат:Андерлехт ФК