Александр Николаевич Подольских – Қазақстандағы танымал ғалым-селекционер, ауыл шаруашылығы ғылымдарының докторы, Ыбырай Жақаев атындағы Қазақ күріш өсіру ғылыми-зерттеу институтының бас ғылыми қызметкері.
Өмірбаяны және ғылыми зерттеулері Қызылорда облысының Қазалы қаласында 1959 жылы дүниеге келді."Изобретатель, рационализатор", Kyzylorda-News.kz. 11 желтоқсан 2017. Оренбург ауыл шаруашылығы институтының түлегі, кейіннен Краснодар қаласындағы Бүкілодақтық күріш ғылыми-зерттеу институтының аспирантурасында күндізгі оқу бөлімінде білім алды. Осы жылдары Александр Подольскихтің ұстаздары В.Н. Дзюба, А.П. Сметанин, Г.Л. Зеленский, В.С. Ковалев, В.Н. Шиловский болды. 11 жыл бойы Қазақ күріш өсіру ғылыми-зерттеу институтының селекция бөлімінің аға ғылыми қызметкері болып жұмыс істеді.
1990 жылы «Сравнительная оценка исходных сортов и образцов риса с ЦМС в процессе создания стерильных аналогов» (ЦМС-і бар күріштің бастапқы сорттары мен үлгілерін стерильді аналогтарды жасау процесінде салыстырмалы бағалау) тақырыбында кандидаттық диссертациясын сәтті қорғап шықты. 1995 жылдан бастап, қазіргі уақытқа дейін институттың селекция бөлімін басқарып, Қазақстанда жоғары сортты күрішті селекциялау ісін жалғастыруда. Подольскихтің басты үлгі тұтар тұлғалары мен әріптестері: А.Н. Хван, А. Алтынбеков, А. Байзақов, А. Құрамысов, Г.А. Верещагин, Қ. Бәкірұлы болды."Человек большой доброты", Кызылординские Вести. 13 қазан 2022.
Будандастыру көлемін он есе ұлғайтуға мүмкіндік беретін, селекция процесінің нәтижелілігін арттыратын генетика мен селекцияның заманауи әдістерін қолдана отырып, күріш сорттарын таңдау тиімділігін арттыру мақсатында өзіндік төл әдістемесін жасап шығарды."Әрбір күріш сорты жанды организм секілді", Syrboyi.kz. 27 қазан 2018. Жаңа әдістің арқасында күріш өндірісінде тиімді пайдаланылып жүрген «Арал 202», «Ару», «Арал 69», «Арал 318», «Арал 4», «Арал 6» күріш сорттары шығарылды.
2003 жылы қорғаған докторлық диссертациясы ең үздік зерттеу жұмыстарының бірі деп танылды.
Александр Подольских – 150-ден астам ғылыми мақаланың және күріш селекциясының жаңа әдістерін шығарудағы бірнеше патенттердің авторы."Электронный каталог", «Parasat» IEC. Ол жүйелі түрде селекция мәселелерімен айналысады. Күріштің жаңа «ҚазҒЗИК 5» (ҚазНИИР 5), «ҚазҒЗИК 6» (ҚазНИИР 6) және әлемдік стандарттарға сай келетін «Айсара» сорттарын шығарушылардың бірі болып табылады."Рис сорт Айсара", Baibolsyn.kz."Новый сорт риса «Айсара» вывели кызылординские селекционеры", Khabar.kz. 1 сәуір 2021.
Қазіргі уақытта А.Н. Подольских жергілікті климаттық жағдайларға бейімделген, жоғары өнімді, астық сапасы жоғары күріштің жаңа сорттарын өсіру бойынша белсенді зерттеу жұмыстарын жалғастыруда."Влияние цитоплазматических эффектов на прорастание гибридов риса", Cyberleninka.ru. Александр Подольскийдің ғылымдағы ұзақ еңбегі – сүйікті ісіне шексіз берілгендігінің жарқын үлгісі болып табылады.
Дереккөздер
Санат:Қазақстан ғалымдары