УЕФА Чемпиондар Лигасының финалы 2017 — УЕФА Чемпиондар Лигасының 2016/17 жылғы маусымының шешуші ойыны. 2017 жылы 3 маусымда Кардиффтегі "Миллениум" стадионында Испанияның "Реал" және Италияның "Ювентус" клбутары кездесіп, "Реал" командасы 4:1 есебімен жеңіске жетті. Бұл олардың осы турнирдегі 12-ші жеңісі. Матч Шолу Ойында "Реал" футболшысы Криштиану Роналду екі доп соғып, турнирдегі голдарының санын 12-ге жеткізді де, маусымның сұрмергені атанды. "Реал" сапынан одан басқа Каземиро мен Асенсио бір-бір голдан енгізді. Туриндіктер сапынан жалғыз допты 27 минутта Марио Манджукич соқты. Манджукичтің өзінен асыра теуіп соққан голы маусымның ең әдемі голы деп бағаланды.
Матч жеңімпазы 2017 жылдың тамыз айында УЕФА Суперкубогына және 2017 жылы желтоқсан айында өтетін Клубтар арасындағы әлем чемпионатына жолдама алды.
"Реал" — 1992 жылы турнир форматы өзгергеннен бергі уақытта екі жыл қатарынан УЕФА Чемпиондар Лигасының жеңімпазы атанған бірінші команда.
Протокол
GK 1 Джанлуиджи Буффон (к)CB 15 Андреа Барцальи CB 19 Леонардо БонуччиCB 3 Джорджо КьеллиниRM 23 Даниэл АлвесCM 5 Миралем Пьянич CM 6 Сами ХедираLM 12 Алекс Сандро AM 21 Пауло Дибала CF 9 Гонсало ИгуаинCF 17 Марио МанджукичҚосалқы құрам:GK 25 НетoDF 4 Медхи БенатиаDF 26 Штефан ЛихтштайнерMF 7 Хуан Куадрадо MF 8 Клаудио Маркизио MF 18 Марио Лемина MF 22 Квадво АсамоаБапкер: Массимильяно Аллегри GK 1 Кейлор НавасRB 2 Даниэль Карвахаль CB 4 Серхио Рамос (к) CB 5 Рафаэль ВаранLB 12 Марсело ВиейраDM 14 КаземироCM 8 Тони Кроос CM 19 Лука МодричRF 22 Иско CF 9 Кәрім Бензема LF 7 Криштиану РоналдуҚосалқы құрам:GK 13 Кико КасильяDF 6 НачоDF 23 ДанилоMF 16 Матео КовачичMF 20 Марко Асенсио FW 11 Гарет Бейл FW 21 Альваро Мората Бапкер: Зинедин Зидан
Дереккөздер
Сілтемелер 2016–17 UEFA Champions League 2017 UEFA Champions League Final, UEFA.com
Санат:УЕФА Чемпиондар Лигасы 2016/17 Санат:Ювентус ФК ойындары Санат:Реал Мадрид ФК ойындары Санат:2017 жылғы футбол Санат:УЕФА Чемпиондар лигасының финалдары