Фаустино Маркос Альберто Рохо (; 20 наурыз 1990 жыл, Ла-Плата) — аргентиналық футболшы, Аргентина Ұлттық футбол құрамасы мен «Бока Хуниорс» клубының қорғаушысы.
Мансабы "Эстудиантес клубының түлегі. Негізгі құрамына 2008 жылы ілікті. 7 желтоқсан күні "Колонға" қарсы кездесуде 10 минуттай ойнады. Алғашқы ресми голын 2009 жылы 5 шілдеде "Ривер Плейттің" қақпасына соқты. Сол жылы Либертадорес кубогын ұтты да, желтоқсан айында Клубтар арасындағы әлем чемпионатына қатысты. Финалға дейін жеткен "Эстудиантес" "Барселонадан" қосымша таймдарда ғана ұтылып қалды.
2010 жылдың соңында Мәскеудің "Спартагына" ауысты. Бірақ жарақаттан көз ашпай, онша жарқырай алмады. 2012 жылы оған бірнеше клубтар қызығушылық танытып, соңында Португалияның "Спортингіне" барды. "Спортингте екі жылдай ойнады да, "Манчестер Юнайтедке" өтті.
Аргентина сапында алғаш рет 2011 жылы 9 ақпанда ПортугалияғаСпартакшылар Рохо мен Парьеха құрамаға шақыртылды қарсы жолдастық ойында алаңға шықты. Бұл ойында Аргентина 2:1 есебімен жеңіске жеттіПортугалия Аргентина .
Жеке өмірі Үйленген, әйелінің аты — Эухения Лусардо, Морено атты қыздары бар.
Жетістіктері Аргентина чемпионы: 2010 (Апертура) Либертадорес: 2009 Англия кубогы: 2016 Лига кубогы: 2017 Англия суперкубогы: 2016 УЕФА Еуропа лигасы: 2017 Әлем чемпионатының күміс жүлдегері: 2014 Америка кубогының күміс жүлдегері: 2015, 2016
Сілтемелер Ресми сайты
Дереккөздер
Санат:Аргентина футболшылары Санат:20 наурызда туғандар