Дражан Еркович (, 6 тамыз 1936 жыл — 9 желтоқсан 2008 жыл) — хорват футболшысы, Югославия Ұлттық футбол құрамасының шабуыл шебінде ойнаған.

Мансабы Клубтық карьерасында ұзақ жылдар бойы Загребтің "Динамосында" ойнады. Карьерасын аяқтайтын тұста бір маусым Бельгияның "Гент" клубында доп тепті. Ұлттық құрама сапында төрт жылдай (1960-64) өнер көрсетті. 1962 жылғы әлем чемпионатында 4 гол соғып, алты футболшымен мергендер көшінде бірінші орынды бөлісті. Еркович футболдан 1958 жылғы әлем біріншілігіне де барды, бірақ бір ойында ойнамай, қосалқы құрамда қалды. 1960 жылғы Еуропа чемпионатында француздар қақпасына екі гол соғып, Югославияны финалға алып шықты. Финалда КСРО құрамасынан 1:2 есебімен ұтылып қалды.

1990-92 жылдары Хорватия құрамасын жаттықтырды.

Жетістіктері Әлем чемпионатының жартылай финалисі: 1962 Еуропа чемпионатының финалисі: 1960 Югославия кубогы: 1960, 1963, 1965

Сілтемелер Биография

Санат:Югославия футболшылары Санат:Динамо Загреб ФК ойыншылары Санат:Хорватия Ұлттық футбол құрамасының жаттықтырушылары Санат:Хорватия футбол жаттықтырушылары Санат:Югославия Ұлттық футбол құрамасының ойыншылары Санат:Югославия Ұлттық футбол құрамасының жаттықтырушылары Санат:Динамо Загреб ФК жаттықтырушылары Санат:Загреб ФК жаттықтырушылары