Тите, толық есімі Аденор Леонардо Бакши (порт/бра. Adenor Leonardo Bacchi; Tite; 25 мамыр 1961 жыл, Кашиас-ду-Сул) — бразилиялық футболшы, футбол бапкері. 2016 жылдан бері Бразилия құрамасының бас бапкері. Оның басқаруымен құрама 2018 жылғы әлем чемпионатына бірінші болып (турнир қожайыны Ресейді есепке алмағанда) жолдама алды.

Мансабы 1990 жылға дейін ортанқол ғана клубтарда ойнап, 30 жасқа жетпей бапкерлік ғұмырын бастады. 2000 жылдарға дейін онша таныс емес клубтарды жаттықтырды да, жаңа ғасырдан "Гремио", "Коринтианс", "Палмейрас", "Атлетико Минейро" секілді атақты клубтардың тізгінін ұстады. Тіпті табыстарға жетіп, 2016 жылы оның көп жылдық тәжірибесіне сенген Бразилия футбол басшылары Карлос Дунганың орнына ұлттық құрамаға бапкер етіп тағайындады. Алғашқы ойынын 2016 жылы 1 қыркүйекте Эквадорға қарсы өткізіп, 3:0 есебімен жеңіске жетті.

Жетістіктері

Ойыншы ретінде Гуарани Кампинас

Бразилияның вице-чемпионы: 1986, 1987 Сан-Паулудың вице-чемпионы: 1988

Бапкер ретінде Веранополис

Риу-Гранди-ду-Сул екінші дивизион чемпионы: 1993

СЭР Кашиас Риу-Гранди-ду-Сул чемпионы: 2000

Гремио

Бразилия кубогы: 2001 Риу-Гранди-ду-Сул чемпионы: 2001

Коринтианс

Бразилия чемпионы: 2011, 2015 Либертадорес: 2012 Клубтар арасындағы әлем чемпионаты: 2012 Сан-Паулу чемпионы: 2013

Интернасьонал

Оңтүстік Америка кубогы: 2008 Дубай кубогы: 2008

Жеке өмірі Әйелінің аты Розмари, бір ұл, бір қызы бар. Ұлы Матьюз футболшы. Титенің алғашқы ұстаздарының бірі — Луиз Фелипе Сколари.

Cілтемелер Профилі

Санат:Бразилия футболшылары Санат:Бразилия футбол жаттықтырушылары Санат:Бразилия Ұлттық футбол құрамасының жаттықтырушылары