MIT OpenCourseWare (MIT OCW) — Массачусетc Теxнологиялық институтының барлық курстарды қолжетімді ету жобасы. Шығарылатын материалдарға курс жоспарлары, лекция конспекттері, үй жұмыстары мен емтиxандық cұрақтар жатады. Кейбір курстарда бейнематериалдар да кездеседі.https://ocw.mit.edu/about/ Бірнеше премиялармен марапатталғанhttps://ocw.mit.edu/about/our-history/https://www.aaas.org/news/mit-s-opencourseware-viewed-millions-worldwide-wins-science-spore-prizehttps://web.archive.org/web/*/http://www.wise-qatar.org/en/2010-laureates/cecilia-doliveira?type=laureate-2010 MIT жобасы басқа университтерге үлгі болды.

Тарихы Пайда болу алғышарттары MIT-дің білім беру теxнолониялар кеңесінің бастамасымен жүзеге асырылды. 1999 жылы кеңес құрамындағы стратегия әзірлеу тобы мен Роберт Браун ғаламторды білім көзі ретінде қарастыра бастағанhttp://dspace.mit.edu/handle/1721.1/37585. Сол кезде қашықтықтан оқыту әлі де табысты саналды. Merrill Lynch аналитиктері қашықтықтан оқытудың АҚШ нарығындағы үлесі артып, 2003 жылы $25 млрд.-қа жетеді деп болжаған. Аталмыш саладағы көптеген компаниялар даму үшін түрлі жоғарғы білім мекемелерімен (солардың қатарында MIT де бар) серіктестікке ұмтылған. Ауыспалы жағдайдағы ғаламторлық оқытудың мүмкіндіктерін бағалау үшін стратегия әзірлеу тобы McKinsey & Company атты консалтингтік агенттікке жүгінді.

Институт жұмысшылары арасында MIT мен McKinsey тарапынан өткізілген сауалнама негізінде келесі ақпараттар белгілі болды: жұмысшылардың басым бөлігі үздіксіз білім беру нарығын қолдамайды; көзделген аудитория ретінде институт түлектерін қарастыру қажет. Бұл аудитория үшін 2000 жылы стратегия әзерлеу тобымен техникалық және пәнаралық салаларда жаңа мини-курстар жасау Knowledge Updates@MIT атты жобасының жоспары аяқталған. Дегенмен, шығындардың орнын толтыру үшін ұзақ уақыт және бастапқы нәтижеге қарағанда аудитория саны да ұлғаюы қажет еді. Бұл жобаның қаржы тұрғысынан мүмкіндіктерінің әлсізденуіне әкеп соқты. Топ мүшелерінің тағы да бір күдігі “жоба институттың беделін айтарлықтай арттырмайды” деген ойда болды.

Оған қоса, сауалнама нәтижесі бойынша, курстар үшін сайттарды қызметкерлердің 20%-ға жуығы өз тарапынан жасап үлгерген. Бұл оқу материалдарының тегін түрде таралу мүмкіндігін жүзеге асырудың себебі болды (OpenCourseWare@MIT)https://www.nytimes.com/2001/04/04/us/auditing-classes-at-mit-on-the-web-and-free.html?pagewanted=all. Топпен жасалған есептемеде OpenCourseWare клиенттерді ақылы Knowledge Updates курстарына қызықтырады деген тұжырым жасалған, бірақ кейінірек екі жоба бөлінді. 2003-2005 жылдар аралығында Knowledge Updates курстары дайындалған, алайда клиент саны қажетті мөлшерге жетпеді.

Жобаның пайда болу себептерін түсіндіру барысында оның бастаушылары OCW институттың оқу бағдарламасын көрсетеді, басқа білім беру мекемелеріне әсер етеді және MIT оқытуды ақшадан артық көретініне дәлелі деп айтқан. Бұл пікірмен көптеген ұстаздар келіскендігін оқытушылардың 78%-ның өз еркімен жобада қатысуы көрсетедіhttps://ocw.mit.edu/about/site-statistics/monthly-reports/MITOCW_DB_2011_01.pdf. Жобаның коммерциялық емес ету бірнеше қайырымдылық гранттарға ие болуына жол ашты.

Жоба дамуы Жоба 2001 жылы жарияланып, жоспар бойынша 10 жылға созылу керек еді. 2002 жылы сайттың сынамалық нұсқасы, ал 2003 жылы ресми түрде жарық көрді. 2004 жылдан бастап материалдар Creative Commons Attribution-NonCommercial-ShareAlike лицензиясы бойынша таратылады. Бұл лицензияны MIT OCW мен Creative Commonshttps://creativecommons.org/2010/11/03/meet-our-board-members-hal-abelson/ негіздерін қалаушысы Харольд Абельсон ұсынған. Екі жоба шамамен бір уақытта пайда болған және мақсаттары да бір болды. MIT OCW Сreative Commons лицензиясымен жарияланған алғаш үлкен жоба.

2007 жылы шығарылған курстар саны 1800 жетуімен инститтутің барлық курстарын жариялау шешімі қабылданды. Осымен қарқынды даму сатысы аяқталып, оның орнына тұрақтылық келді: курстар санын өсірудің орнына жарияланған курстарды жаңартуға көбірек назар бөліндіhttp://news.mit.edu/2010/ocw-2000-courses.

2007 мен 2011 жылдары қосымша екі бөлім пайда болды: Highlights for High School-да орта мектептегі жаратылыстану ғылымдарын оқу материалдарыhttps://ocw.mit.edu/about/media-coverage/press-releases/highlights/, ал OCW Scholar-да өздігінен білім алу үшін мәлімет жарияланғанhttps://ocw.mit.edu/about/media-coverage/press-releases/ocw-scholar/.

Жоба даму барысында оның институт беделін өсіруден басқа да пайдасы бар екені белгілі болды. MIT-ға түскен студенттердің 35%-ы олардың таңдауына OpenCourseWare әсер етті дейді. Сонымен қатар, OCW білім беру сапасын нығайтады, себебі миллиондаған адамдарға қолжетімді материал жақсырақ дайындаладыhttps://www.timeshighereducation.com/features/get-it-out-in-the-open/408300.article?storycode=408300.

Жарияланған материалдар OCW пайда болу кезінде басқа университет профессорлары баршаға қолжетімді курстар бар сайттарды әлдеқашан жасаған. OCW-дың айырмашылығы - бүкіл институттың оқу материалын жариялап, олардың коммерциялық емес мақсатта қолдануға рұқсаты мен курстарды жаңарту арқылы жобаны қолдауhttps://thetech.com/2009/11/13/ocw-v129-n53. Әрбір курс үшін жүйелі түрде веб-парақшалар жасалып, іздестіруге ыңғайлы құрылымға біріктіріледі. Мұғалімдер тарапынан материалдарды жариялау жеңілірек болу үшін орталықтандырылған қолдау көрсету ұйымдары құрылды.

Әкімшілік пен MIT қызметкерлерінің айтуы бойынша OCW қашықтықтан оқу бағдарламасы емес, белгілі бір уақыт аралығында пән қалайша оқытылғанын бейнелейдіhttps://www.wired.com/2003/09/mit-2/.

Жарияланған материалдардың басым бөлігі дайын курс емес, басқа мекемелер мұғалімдері қолдана алатын курстың бөлек құраушылары болып табылады. Сондай құраушыларға:

курстардың жартысында бар лекция конспекттері; курстардың үштен бір бөлігінде бар үй жүмыстары; курстардың бестен бір бөлігінде бар емтихан тапсырмалары жатады.

Түрлі курстар материалдары ұстазға байланысты түрлі көлем мен форматта беріледі. Мысалы, үй жұмысы мен емтихан жауаптары және таспырмалары электронды түрде болмау себебінен жарияланбауы мүмкін, өйткені оларды институттың өзінде көшіру үшін қолдануы болжамдыhttps://ocw.mit.edu/help/get-started-with-ocw/. Оған қоса, үй жұмысы кітаптар мен оқулықтар бойынша берілген кезде кітап/оқулықты бөлек сатып алу қажетhttps://ocw.mit.edu/help/get-started-with-ocw/. Бейнероликтерді жариялау жобаның негізгі мақсаты болмағандықтанhttps://ocw.mit.edu/help/get-started-with-ocw/ 2011 жылы тек 34 курста бейнеролик болған. Оған қарамастан, ең әйгілі лекциялар - бейнежазбаларhttps://lenta.ru/articles/2010/12/16/cecilia/, мысалы, Гилберт Стренгтің сызықтық алгебра курсы немесе Уолтер Льюиннің физика курсы. 100-ге жуық курста симуляция мен анимация сияқты мультимедиялық материал кездеседі. Қалған материалдар - мәтін түрінде.

Жариялау үдерісі Ашық білім беру ресурстарын жариялау бағдарламасы ең қымбат саналады. Ең алдымен шығын $85-100 млн. деп бағаланса, кейін саны төмендеді. Жобаның қарқынды даму кезеңі Hewlett Foundation мен Mellon Foundation фондтары қолдауымен өтті. 2007 жылы 1800 курс жарияланған кезде жоба құны $30 млн.-ға жеттіhttps://www.nytimes.com/2007/04/02/technology/02iht-link.1.5109570.html. Одан кейін жобаның жылдық бюджеті $3.5-3.7 млн. құрады: жартысын институт төлесе, қалғаны - гранттар резервіhttp://science.sciencemag.org/content/329/5991/525.full.

Бір курстың MIT OCW-ға жүктелуі $10 000-15 000 тұрады. Жариялау бойынша топ ұстаздар материалды сайтқа орналастыру үшін 5 сағаттан кем уақыт жұмсатуға тырысады. Топ міндетіне қолмен жазылған ақпаратты цифрлі күйге көшіру, қосымша материалдардың қосылуын тексеру, сол материалдарды қолдануға рұқсат алу және рұқсат етілмегендерді өздері жасау кіреді.

Институт саясаты бойынша авторлық құқық профессорлардың өзінде қалады. Институтта оқытылатын курстар үшінші тараптан да болуы мүмкін. Ол жағдайда сол ақпаратты баршаға қолжетімді етуге болмайды және публикация кезіндегі кешігудің себебі болып табылады.

Аудитория 2011 жылы сайттың қолданушылар саны 53 млн.-ға жетеді. Солардың 40-50% өз бетімен оқиды. Бұл MIT OCW қатысушыларын таң қалдырды, себебі басында сайт ұстаздар үшін ресурс көзі болып жоспарланғанhttp://news.mit.edu/2010/mitocw-independent-learners.

Жоба бүкіл әлемді қызықтырды. Қытай, испан, португал және парсы тілдеріне 50-ден астам курс аударылған. АҚШ-тан басқа ең көп қолданушылар саны Қытай мен Индиядан. Ғаламтордың қолжетімділігі төмен Африка мен Азия елдерінде OCW-дың 200-ден астам аналогы барhttp://web.mit.edu/annualreports/pres09/2009.10.05.pdf.

OpenCourseWare Consortium OpenCourseWare көздеген мақсатының бірі MIT OCW-дің басқа университеттерден ізбасарларларының пайда болуы. MIT-дан бөлек OCW-дағы Вьетнамда экономика курсын Фулбрайт бағдарламасы бойынша 2003 жылы оқыту бұл бағдардағы ең алғаш тәжірибе. 2004 жылы OCW-да Жапония, АҚШ, Қытай мен Франция университтері жариялай бастады.

2005 жылы MIT басқа университеттермен бірге OpenCourseWare Consortium-ді шығарды. Оның мақсаты әлем бойынша ашық білім беруді тарату. Консорциумға енетін ең ауқымды университеттердің бірі болып Берклидегі Калифорния университеті, Токио университеті, Мичиган университеті, Ирвайндағы Калифорния университеті, Осака университеті, Аризона штаты университеті, Юта Университеті, Ноттингем университеті, Мичиган штатының университеті жатадыhttp://www.oeconsortium.org/members/all/.

OpenCourseWare-дің негізгі спонсоры - Hewlett Foundation: 2000 жылдары $110 млн.-ға жуық бөлгенhttps://www.theguardian.com/education/2007/jan/17/highereducation.uk. OpenCourseWare сияқты ашық білім беру ресурстарының басты мәселесі - ұзақ мерзімге спонсор табу, себебі бұл жобалар табысы аз немесе мүлдем жоқ. Мысалы MIT OCW тек Amazon-да оқулықтарды сатып алуға сілтеме жасау арқылы пайда табады. Қаржыландыру тапшылығынан OCW жобасы Юта штатының университетінде тоқтатылдыhttps://www.nytimes.com/2010/03/31/education/31iht-riedopen.html?_r=1&pagewanted=all.

Дереккөздер

Санат:Creative Commons лицензиясы бойынша жұмыстар Санат:Массачусетс технологиялық институты Санат:Білім беру сайттары