Джовани дос Сантос Рамирес (; 11 мамыр 1989 жыл, Монтеррей) — мексикалық футболшы, "Лос-Анжелес Гэлакси" клубы мен Мексика құрамасының жартылай қорғаушысы.

Мансабы Бразилиялық танымал футболшы Зизиньоның ұлы. Испандық "Барселона" клубының футбол мектебінде тәлім алған. 2007 жылдан бастап осы клубта ойнады. 2007 жылы 2 қыркүйекте "Атлетик Билбаоға" қарсы матчта тұңғыш рет Тьерри Анридың орнына алаңға шықты.

Бір маусымнан соң "Тоттенхемге" ауысты. "Тоттенхэмде" көбіне қосалқы құрамда отырды, оның үстіне "Испвич", "Галатасарай", "Расинг" секілді клубтарға жалға беріліп, лондондық жанкүйерлердің жүрегін жаулай алмады. Кейін Испанияның "Мальорка", "Вильярреал" клубтарына ауысып, соңында Американың "Лос-Анжелес Гэлакси" клубына келіп тұрақтап қалды.

Ұлттық құрамада 2007 жылдан бері ойнап келеді. 2014 жылы топтық турнирде Хорватияның қақпасына бір гол енгізді. Бұл кездесуде мексикалықтар 3:1 есебімен жеңіске жетті.

Туған бауыры Джонатан Дос Сантос та кәсіпқой футолшы.

Жетістіктері

Командалық

Мексика

Әлем чемпионы (17 жасқа дейін): 2005 КОНКАКАФ Алтны кубогы (3): 2009, 2011, 2015 Олимпиада чемпионы: 2012

«Барселона»

Испания суперкубогы: 2006

Жеке

КОНКАКАФ Алтын кубогының символикалық құрамына енген: 2009

Статистикасы ЧемпионатКубокЕурокубокТағы да басқаБарлығыКлубЛигаМаусымОйынГолОйынГолОйынГолОйынГолОйынГол БарселонаПримера2007/08273505100374Барлығы273505100374 ТоттенхэмПремьер-лига2008/09602041001212009/1010200000302010/1130101000502011/1270214100132Барлығы170719200333 Ипсвич (аренда)Чемпионшип2008/098400000084Барлығы8400000084 Галатасарай (аренда)Суперлига2009/10140202000180Барлығы140202000180 Расинг (аренда)Примера2010/11165000000165Барлығы165000000165 МальоркаПримера2012/13296300000326Барлығы296300000326 ВильярреалПримера2013/14301131000033122014/15261717400406Барлығы561210274007318 Лос-Анджелес ГэлаксиMLS20151130000001132016311521410037172017146100000156Барлығы56243141006326Бүкіл карьерасында223543042780028066

Сілтемелер Футболшының профилі

Санат:Барселона ФК ойыншылары Санат:Мексика футболшылары Санат:Тоттенхэм Хотспур ФК ойыншылары Санат:Ипсвич Таун ФК ойыншылары Санат:Галатасарай ФК ойыншылары Санат:Расинг Сантандер ФК ойыншылары Санат:Мальорка ФК ойыншылары Санат:Вильярреал ФК ойыншылары Санат:Футболдан Солтүстік Америка чемпиондары Санат:Мексика Ұлттық футбол құрамасының ойыншылары Санат:Футболдан Олимпиада чемпиондары Санат:2012 жылғы Жазғы Олимпиада ойындарының чемпиондары Санат:Алфавит бойынша Олимпиада чемпиондары Санат:Лос-Анжелес Гэлакси ФК ойыншылары Санат:Америка Мехико ФК ойыншылары