Тиаго Рангел Ционек (; 21 сәуір 1986, Куритиба, Бразилия) — Польша Ұлттық футбол құрамасында ойнайтын бразилиялық футболшы. Италияның СПАЛ клубының қорғаушысы.
Карьерасы Бразилияның Куритиба қаласында дүниеге келген. Карьерасын 2005 жылы Бразилияның "Куяба" клубында бастады. Бір жылдай Португалиялық клубтардың бірінде ойнап, 2007 жылы отанына қайта оралып, КРБ клубы сапында доп тепті. 2008 жылы Польшаның "Ягеллония" клубына ауысты да, төрт жылдай өнер көрсетті. Одан кейін тек Италия клубтарында ойнап келеді.
Польша ұлттық құрамасынан шақырту алып,2014 жылы 13 мамыр күні Германиямен кездесуде құрамадағы дебют ойынын өткізді. Құрама сапында ЕУРО-2016, ӘЧ-2018 турнирлеріне қатысты.
Ойнаған клубтары 2005—2006 Куяба? (?)2006—2007 Браганса2 (1)2007—2008 КРБ1 (0)2008—2012 Ягеллония91 (3)2012—2014 Падова31 (0)2013—2014→ Модена33 (1)2014—2015 Модена51 (1)2016—2017 Палермо50 (1)2018—2020 СПАЛ74 (1)2020—2022 56 (1)
Жетістіктері Ягеллония
Польша кубогы — 2009/2010
Сілтемелер 90minut.pl Профилі
Санат:Польша футболшылары