Робсон де Соуза (бра-порт. Robson de Souza); қысқаша Робиньо (порт. Robinho), 25 қаңтар 1984, Сан-Висенти), — бразилиялық футболшы, шабуылшы. Мансабы Клубтық карьерасында "Сантос" сапында екі рет Бразилия чемпионы, "Реал Мадрид" сапында екі рет Испания чемпионы, "Милан" сапында бір рет Италия чемпионы, «Гуанчжоу Эвергранд» сапында бір рет Қытай чемпионы атанды.
2016 жылы "Атлетико Минейроға" ауысты да, екі маусымдай ойнап, ешқандай жүлдеге қол жеткізе алмады. 2018 жылы қаңтарда Түркияның "Сиваспор" клубына өтті.
Ұлттық құрамада алғаш рет 2003 жылы Мексикамен ойында алаңға шықты.
Кейін 2005 жылы Конфедерациялар кубогына, 2006 жылы әлем чемпионатына, 2007 жылы Америка кубогына, 2009 жылы Конфедерациялар кубогына, 2010 жылы әлем чемпионатына қатысты. 2010 жылдан кейін құрамаға шақырылуы азайды да, уақыт өте келе тіпті шақырылмай қойды. Тек 2017 жылы ғана ұлттық құрамаға оралып, Колумбиямен жолдастық кездесуде капитан ретінде ойнады.
2018 жылғы әлем біріншілігіне құраманың жаңа бапкері Тите Робиньоны шақырған жоқ.
Жетістіктері Командалық
«Сантос»
Бразилия чемпионы: 2002, 2004
«Реал Мадрид»
Испания чемпионы: 2006/07, 2007/08 Испания суперкубогы: 2008
«Милан»
Италия чемпионы: 2010/11 Италия суперкубогы: 2011
«Гуанчжоу Эвергранд»
Қытай чемпионы: 2015
Бразилия құрамасы
КОНКАКАФ Алтын кубогының финалисі: 2003 Конфедерациялар кубогы: 2005, 2009 КОНМЕБОЛ кубогы: 2007
Жеке КОНМЕБОЛ кубогының үздік мергені: 2007 (6 мячей) КОНМЕБОЛ кубогының үздік ойыншысы: 2007
Сілтемесі Профилі
Санат:Бразилия футболшылары Санат:Сантос ФК ойыншылары Санат:Реал Мадрид ФК ойыншылары Санат:Манчестер Сити ФК ойыншылары Санат:Милан ФК ойыншылары Санат:Гуанчжоу Эвергранд ФК ойыншылары Санат:Атлетико Минейро ФК ойыншылары Санат:Сивасспор ФК ойыншылары Санат:Ыстанбұл Башахшехир ФК ойыншылары Санат:Сан-Паулу ФК ойыншылары Санат:Футболдан Оңтүстік Америка чемпиондары Санат:Бразилия Ұлттық футбол құрамасының ойыншылары