Қажымұқан Мұңайтпасов атындағы орталық стадион (немесе Орталық стадион) — Шымкент қаласындағы футбол стадионы. Сыйымдылығы 20 000 адам.
Тарихы 1969 жылы салынып бітті. Кеңес кезінде "Октябрдің 50 жылдығы" деп аталды. КСРО чемпионаттарында Шымкенттің "Мелиоратор" клубы өз алаңындағы матчтарын өткізіп жүрді.
2003 жылдан „Ордабасы“ клубының аренасы. 2007 жылы тұңғыш рет халықаралық жарыс — "Алма-ТВ" турнирі өткізіліп, оған Өзбекстан, Қазақстан, Қырғызстан, Әзірбайжан футбол құрамалары қатысты.
2018 жылы стадионға жарықтандырушы бағандар орнатылды.
2025 жылы стадион УЕФА стандарттарына сай етіліп жаңартылды.https://kaz.kazlenta.kz/main/11656-shymkent-uefa-talaptaryna-say-futbol-alay-ashyldy.html
Дереккөздер
Санат:Қазақстан стадиондары Санат:Шымкент ғимараттары мен құрылыстары Санат:Шымкеттегі спорт