Нико Ковач (; 15 қазан 1971, Батыс Берлин, ГФР) — хорват футболшысы, бапкер, жартылай қорғаныста ойнаған. "Боруссия Дортмунд" клубының бас жаттықтырушысы. Мансабы Клубтық және бапкерлік Хорватия футбол құрамасының өкілі болғанымен, Германия футболының түлегі, карьерасын «Рапиде Веддинг» клубында бастады. 1989 жылы «Герта» клубының орынбасарлары сапында біраз ойнап, 1991 жылы негізгі клубқа ілікті. 1996 жылы «Байерге» шақырылып, үш жылдай доп тепті. Одан соң екі маусым «Гамбургте» ойнады.
2001 жылы «Баварияға» қосылды. Мұнда өзінің інісі Роберт Ковачпен бірге ойнады. Бірақ негізгі құрамға іліне алмай, 2003 жылы туған клубы «Гертаға» оралуға мәжбүр болды.
2006 жылғы әлем чемпионатынан соң «Ред Булл Зальцбург» клубына ауысты да, 2009 жылы карьерасын аяқтады. Карьерасын да осы клубтан бастады.
Кейін 2013-15 жылдары Хорватия Ұлттық құрамасын жаттықтырды.
2018 жылдан бері "Бавария" жаттықтырушысы.
Ұлттық құрама 1996-2009 жылдары Ұлттық құрама сапында 83 ойын өткізді.
Жетістіктері Ойыншы ретінде
Бавария * Германия чемпионы: 2002, 2003 Құрлықаралық кубок: 2001
Ред Булл Зальцбург Аустрия чемпионы: 2007 Бапкер ретінде
Айнтрахт Германия кубогы : 2017/18
Бавария Германия суперкубогы: 2018
Сілтемелер Статистикасы
Санат:Хорватия футболшылары Санат:Хорватия Ұлттық футбол құрамасының ойыншылары Санат:Хорватия футбол жаттықтырушылары Санат:Бавария ФК ойыншылары Санат:Байер 04 ФК ойыншылары Санат:Герта Берлин ФК ойыншылары Санат:Гамбург ФК ойыншылары Санат:Ред Булл Зальцбург ФК ойыншылары Санат:Бавария ФК жаттықтырушылары Санат:Монако ФК жаттықтырушылары