Саломон Калу (; 5 тамыз 1985https://www.transfermarkt.com/transfermarkt/profil/spieler/7971, Уме, Кот-д’Ивуар) — ивуарлық футболшы, шабуылшы.

Мансабы Клубтық Карьерасында "АСЕК Мимозас", "Фейеноорд", "Эскельсиор", "Челси", "Лилль", "Герта" клубтарында ойнады. Ең табысты болған кезі — "Челси" сапында ойнаған жылдары: Англия чемпионы атанды, УЕФА Чемпиондар Лигасын ұтып алды. "Челси" сапында 2006-12 жылдары ойнап, 150-ден аса чемпионат ойындарында алаңға шықты. Ұлттық құрамада 2008 жылы Ұлттық құрама сапында ойнай бастады, сол жылы-ақ Африка Ұлттары кубогына, Жазғы Олимпиадалық ойындарға қатысты.

2010, 14 жылдары әлем чемпионатына қатысты. 2017 жылғы Африка Ұлттары кубогынан соң Ұлттық құрамамен қоштасты.

Жетістіктері Командалық

«Челси»

Англия чемпионы: 2009/10 Англия кубогы (4): 2007, 2009, 2010, 2012 Лига кубогы: 2007 Англия суперкубогы: 2009 Чемпиондар Лигасы: 2012

Кот-д’Ивуар құрамасы

Африка чемпионы: 2015

Жеке

Нидерландыдағы жыл футболшысы: 2005 Африканың үздік жас футболшысы: 2008

Дереккөздер

Сілтемелер Ресми сайт

Санат:Кот-д’Ивуар футболшылары Санат:Кот-д’Ивуар Ұлттық футбол құрамасының ойыншылары Санат:АСЕК Мимозас ФК ойыншылары Санат:Фейеноорд ФК ойыншылары Санат:Эскельсиор ФК ойыншылары Санат:Челси ФК ойыншылары Санат:Лилль ФК ойыншылары Санат:Герта Берлин ФК ойыншылары Санат:Футболдан Африка чемпиондары