Жаманқала () – Ресейдің Орынбор облысындағы қала. Ор өзенінің Жайық өзеніне құятын жерінде орналасқан. Қаланың орыс тіліндегі аты Ор өзеніне байланысты қойылған. 1735 жылы 15 тамызда сенаттың обер-секретары И.К. Кириллов бастаған экспедиция әскери бекініс ретінде сала бастады. 1865 ж. қала мәртебесіне ие болды. Ор бастапқыда патша үкіметінің қазақ даласындағы отаршылдық саясатының тірек пункті рөлін атқарды. Көшпелілерге қарсы озбырлық, әділетсіз әрекеттердің ұясы болғандықтан, қазақтар Орды «Жаманқала» деп атаған.«Қазақстан»: Ұлттық энцклопедия / Бас редактор Ә. Нысанбаев – Алматы «Қазақ энциклопедиясы» Бас редакциясы, 1998 ISBN 5-89800-123-9, VII том; Рычков П.И., История Оренбургская (1730 – 1750). Оренбург, 1896; Борисов А.Я., Оренбург, Челябинск, 1968; Ескекбаев Д., Орынбор қазақтары. Тарихи-этнографиялық зерттеу, А., 2001.
Климаты тым континентті. Түсті металл өңдеу («Южуралникель»), машина жасау, мұнай-химия («Нефтеоргсинтез»), тамақ, жеңіл өнеркәсіп орындары жұмыс істейді.
Дереккөздер
Санат:Ресей қалалары