«Партизан» Белград футбол клубы () — сербиялық кәсіпқой футбол клубы. Өз алаңындағы ойындарын Белградтағы "Партизан" стадионында өткізеді.

Сербия чемпионатындағы басты қарсыласы — "Црвена Звезда". Бұл екі клубтың арасындағы матч "Мәңгілік дерби" деп аталады.

Тарихы 1945 жылы 4 қазанда "Партизандар спорт қоғамы" футбол үйірмесі боп құрылды. Атауы екінші дүниежүзілік соғыстағы югослав партизандарының құрметіне аталды. 5 қазан күні-ақ алғашқы кездесуін Сербия құрамасына қарсы өткізіп, 4:2 есебімен жеңіске жетті. 1946/47 жылғы маусымда тұңғыш рет Югославия чемпионы атанды.

1955/56 жылғы маусымда Еуропа Чемпиондар кубогының алғашқы турниріне қатысып, үшінші кезеңде болашақ жеңімпаз "Реал Мадридтен" ұтылды (сыртта 0:4, өз алаңында 3:0).

Сербия 2006 жылы өз алдына мемлекет болып, жеке чемпионатын өткізе бастағалы "Партизан" сегіз рет чемпион атанды.

Жетістіктері

Ұлттық Ұлттық чемпионаттар — 27

Юголсавия чемпионаты Чемпион (11): 1946/47, 1948/49, 1960/61, 1961/62, 1962/63, 1964/65, 1975/76, 1977/78, 1982/83, 1985/86, 1986/87 2-орын (9): 1953/54, 1955/56, 1957/58, 1958/59, 1967/68, 1969/70, 1983/84, 1987/1988, 1991/92 3-орын (8): 1947/48, 1950, 1952/53, 1959/60, 1966/67, 1968/69, 1984/85, 1990/91 Югославия Одақтық Республикасы чемпионаты Жеңімпаз (8): 1992/93, 1993/94, 1995/96, 1996/97, 1998/99, 2001/02, 2002/03, 2004/05 2-орын (5): 1994/95, 1999/00, 2000/01, 2003/04, 2005/06 3-орын (1): 1997/98 Сербия чемпионаты Жеңімпаз (8): 2007/08, 2008/09, 2009/10, 2010/11, 2011/12, 2012/13, 2014/15, 2016/17 2-орын (2): 2006/07, 2017/18

Ұлттық кубоктер — 16

Югославия кубогы Жеңімпаз (5): 1946-47, 1951-52, 1953-54, 1956-57, 1988-89 Финалист (4): 1947-48, 1958-59, 1959-60, 1978-79 Югославия Одақтық Республикасы кубогы Жеңімпаз (4): 1991-92, 1993-94, 1997-98, 2000-01 Финалист (3): 1992-93, 1995-96, 1998-99 Сербия кубогы Жеңімпаз (7): 2007/08, 2008/09, 2010/11, 2015/16, 2016/17, 2017/18, 2018/19 2-орын (1): 2014/15

Югославия суперкубогы — 1

Жеңімпаз (1): 1988-89,

Еурокубоктер

Еуропа чемпиондар кубогы Финалист (1): 1966 Ширекфиналист (2): 1955/56, 1963/64

Сілтемелер Ресми сайт УЕФА сайтында Жанкүйерлер сайты

Санат:Сербия футбол клубтары Санат:Сербия және Черногория футбол клубтары Санат:Югославия футбол клубтары