Хасан Шаш (, 1 тамыз 1976 жылhttps://www.transfermarkt.com/transfermarkt/profil/spieler/6102) — түркия футболшысы, шабуылшы, футбол жаттықтырушысы.
Карьерасы
Ұлттық құрама Түркия Ұлттық футбол құрамасы сапында 10 жылдай ойнап (1996-2006), 40-тан аса кездесуде алаңға шықты. Екі голдың авторы атанды, екеуін де 2002 жылғы әлем чемпионатында енгізді. Әуелі топтық кезеңнің бірінші турында Бразилияның қақпасына гол соғып есеп ашқанымен, құрама 1:2 есебімен ұтылды. Үшінші турда Қытай қақпасына бір гол соқты, бұл жолды Түркия 3:0 есебімен жеңіске жетіп, 1/8 финалға жолдама алды.
Жетістіктері
Түркия чемпионы (5): 1998/99, 1999/00, 2001/02, 2005/06, 2007/08 Түркия кубогы (3): 1998/99, 1999/2000, 2004/05 УЕФА кубогы (1): 1999/2000 УЕФА суперкубогы (1): 2000 Әлем чемпионатының қола жүлдегері: 2002
Дереккөздер
Сілтемелер Спортшының профилі
Санат:Түркия футболшылары Санат:Түркия Ұлттық футбол құрамасының ойыншылары Санат:Анкарагүджү ФК ойыншылары Санат:Галатасарай ФК ойыншылары Санат:Түркия футбол жаттықтырушылары Санат:Адана Демирспор ФК ойыншылары