Жорже де Аморим Оливейра Кампос (; 17 тамыз 1964https://www.transfermarkt.com/transfermarkt/profil/spieler/17166, Рио-де-Жанейро) — бразилиялық футболшы, қорғаушы, 1994 жылғы әлем чемпионы.

Карьерасы Карьерасын 1983 жылы "Америка" (Рио-де-Жанейро) сапында бастады. Сол жылы жастар арасындағы әлем чемпиондығына қол жеткізді де, Жоржиньоға Бразилияның гранд клубтарының назары түсе бастады. 1984 жылы "Фламенгоға" ауысты. 1984 жылы 15 шілдеде "Фламенго" сапындағы тұңғыш ойынын өткізді.

1989 жылы Еуропаға қарай қадам басып, "Байер 04" қатарын толықтырды. Ал 1993 жылы Германияның ең мықты клубы "Баварияға" ауысты. "Баварияға" барған алғашқы маусымда-ақ Германия чемпионы атанды, УЕФА кубогын жеңіп алды.

1995 жылы шамалы шау тартқан футболшы Жапонияға кетіп, "Касима Антлерстің" намысын қорғады. Үш жылдан соң отанына оралып, "Сан-Паулуға" ауысты.

2001 жылы карьерасын аяқтады.

1990, 1994 жылдары әлем чемпионатына қатысты.

Бапкерлік карьерасын 2005 жылы туған клубы "Американы" жаттықтырудан бастады.

Жетістіктері

Командалық

Жасөспірімдер арасындағы әлем чемпионы: 1983 Рио-де-Жанейро штанының чемпионы: 1986 Бразилия чемпионы: 1987 (Копа Униан) Америка кубогының жеңімпазы: 1989 Әлем чемпионы: 1994 Стэнли Роуз кубогы: 1995 Германия чемпионы: 1993/94 Жапония чемпионы: 1996, 1998 Жапония кубогы: 1997 Джей-лига кубогы: 1997 Меркосул: 2000 Жоао Авеланж кубогы: 2000

Жеке

Джей-лиганың ең қымбат ойыншысы: 1997 ФИФА-ның адал ойыны үшін жүлдесі: 1991 FIFA символикалық құрамы: 1991 Әлем чемпионаттарының жұлдызды құрамы: 1994 Джей-лига символикалық құрамы: 1996

Бапкерлік

Суруга банк кубогы: 2012 Джей-лига кубогы: 2012 Рио-де-Жанейро штатының чемпионы: 2016

Дереккөздер

Сілтемелер Профилі Профилі Профилі fussballdaten.de Leverkusen who's who National Football Teams Профилі Профилі

Санат:Бразилия футболшылары Санат:Бразилия Ұлттық футбол құрамасының ойыншылары Санат:Америка Рио-де-Жанейро ФК ойыншылары Санат:Фламенго ФК ойыншылары Санат:Байер 04 ФК ойыншылары Санат:Бавария ФК ойыншылары Санат:Касима Антлерс ФК ойыншылары Санат:Сан-Паулу ФК ойыншылары Санат:Васко да Гама ФК ойыншылары Санат:Флуминенсе ФК ойыншылары Санат:Бразилия футбол жаттықтырушылары Санат:Америка Рио-де-Жанейро ФК жаттықтырушылары Санат:Гояс ФК жаттықтырушылары Санат:Фламенго ФК жаттықтырушылары Санат:Касима Антлерс ФК жаттықтырушылары Санат:Әл-Васл ФК жаттықтырушылары Санат:Васко да Гама ФК жаттықтырушылары Санат:Футболдан әлем чемпиондары Санат:Футболдан Оңтүстік Америка чемпиондары Санат:1988 жылғы Жазғы Олимпиада ойындарының күміс жүлдегерлері