«Маньчжурлық нұсқа» — толық метражды көркем фильм. 1989 ж. Қазақфильм және Мирас студиялары шығарған.
Сюжеті Жапон генералитетінің жоғары шенділеріне арналған «Хокуман-отель» қонақ үй кешенінің иесі, кадрлық барлаушы Исидзима-сан КСРО-ға шығару мақсатында жапон императорына жақын бірқатар генералдарды тұтқынға алу операциясын сәтті өткізеді. Сонымен қатар, өз іс-әрекетімен ол екінші дүниежүзілік соғысының шығыс плацдармында жапон милитаризмінің жеңілу жылында императорға адалдық белгісі ретінде аңдамай өз өмірін қиюға дайын жүздеген бейбіт жапон азаматтарының өмірін сақтап қалады .
Рөлдерде Қасымхан Шадияров/Исидзима-сан — Асанәлі Әшімов Есико — Татьяна Цой Мицуми — Едгар Сағдиев Князь Фудзимури — Ерғали Оразымбетов Барон Ямамото — Эдуард Пак Генерал Ханда — Олег Ли Полковник Саито — Александр Мун Полковник Омори — Советбек Жұмаділов
Дереккөздер
Санат:КСРО атыс-шабыс фильмдері Санат:Қазақфильм фильмдері