Рүштү Речбер (; 10 мамыр 1973 жылhttps://www.transfermarkt.com/transfermarkt/profil/spieler/4077, Коркутели, Анталья) — түркиялық футболшы, қақпашы. 2004 жылы Пеле жасаған ФИФА 100 тізіміне енген.

Карьерасы

Клубтық Ұзақ жылдар бойы "Фенербахче" сапында ойнады. 2003 жылы "Барселонаға" ауысқанымен алғашқы матчтарында-ақ дөрекі қателіктер жіберді де, сол себепті негізгі құрамдағы орнын Виктор Вальдеске беріп қойды. Қосалқы құрамда отырғысы келмеген Рүштү келесі маусымда "Фенербахчеге" қайта оралды.

2007 жылы клубпен келісім шарты аяқталды, қайта ұзартқысы келгенмен клуб Рүштінің шарттарымен келіспеді. Нәтижесінде Рүштү "Фенербахченің" бістіспес қарсыластарының бірі "Бешикташқа" ауысты. "Бешикташта" бірнеше маусым ойнап, ол жақтың фанаттарының да сүйіктісі бола алды. Бірақ "Фенербахче" жанкүйерлері қақпашының бұл қадамын сол күйі кешірмеді.

Ұлттық құрама Ұлттық құрама сапында 1994 жылы тұңғыш рет алаңға шықты да, көптеген жылдар бойы құраманың негізгі қақпашысы болды. Тек 2008 жылғы Еуропа чемпионатына Волкан Демирельден кейінгі екінші қақпашы боп барды, бұл турнирде ширек финалда ғана Хорватияға қарсы ойында алаңнан қуылған Демирельдің орнына алаңға шықты. Матчтың соңы пенальтилер сериясына ұласып, Рүштінің шеберлігінің арқасында Түркия жартылай финалға шықты.

Осы турнирден соң құрамадағы карьерасын аяқтады.

Жетістіктері

«Фенербахче»

Түркия чемпионы: 1995/96, 2000/01, 2004/05, 2006/07

«Барселона»

Испания вице-чемпионы: 2003/04

«Бешикташ»

Түркия чемпионы: 2008/09 Түркия кубогы: 2008/09, 2010/11

Түркия құрамасы

ӘЧ қола жүлдегері: 2002 Конфедерациялар кубогының қола жүлдегері: 2003 Еуропа чемпионатының қола жүлдегері: 2008

Дереккөздер

Сілтемелер Рүштү Речбер Профилі

Санат:Түркия футболшылары Санат:Түркия Ұлттық футбол құрамасының ойыншылары Санат:Антальяспор ФК ойыншылары Санат:Фенербахче ФК ойыншылары Санат:Барселона ФК ойыншылары Санат:Бешикташ ФК ойыншылары