Кадзуёси Миура (жап. 三浦 知良|Миура Кадзуёси; 26 ақпан 1967 жылhttps://www.national-football-teams.com/player/10767.html, Сидзуока) — жапониялық футболшы, шабуылшы. 50-ден асқанша футбол ойнап, Гиннес кітабына енген. 2005 жылдан бері "Иокогама" клубының футболшысы. 1992 жылғы Азия чемпионы.

Карьерасы

Клубтық 1982 жылы Сидзуокадағы "Гакуэн" футбол мектебін тастап, Бразилияға жалғыз кетіп қалды. Ол жақта "Жувентус" клубының академиясына қабылданды.

1986 жылы 18 жасында кәсіпқой карьерасын "Сантос" клубында бастады. 1990 жылы отанына оралғанша Бразилияның тағы да "Палмейрас", "Мацубара", КРБ, "Коритиба" секілді клубтарында ойнады. 1990 жылы "Верди Кавасаки" клубына ауысып, 1998 жылға дейін доп тепті.

Бұл аралықта 1994/95 жылғы маусымды "Дженоада" арендада өткізді, ал 1998 жылы "Верди Кавасакиден" түпкілікті кетіп, 1999 жылғы маусымды "Кроация" клубында өткізді.

2005 жылы қазіргі клубы "Иокогамаға" келді.

2019 жылы қаңтарда клубпен келісім шартын тағы да бір жылға ұзартты. 2020 жылғы қаңтардағы есеп бойынша, әлемде кәсіпқой деңгейде доп теуіп жүрген ең қарт футболшы саналады.

Ұлттық құрама 1990 жылы тұңғыш рет Жапония құрамасы сапында алаңға шықты. 1992 жылғы Азия чемпионатына қатысып, турнирдің үздік ойыншысы жүлдесін иеленді. Бұл турнирде Жапония тұңғыш рет Азия чемпионы атанды.

Құрамадағы соңғы ойынын 2000 жылы Ямайкаға қарсы жолдастық кездесуде өткізді.

Жетістіктері

Клубтық

«КРБ»

Алагоас лигасының жеңімпазы: 1987

«Коритиба»

Паранаэнсе лигасының жеңімпазы: 1989

«Ёмиури/Верди Кавасаки»

Жапон 1-лигасы: 1990/91, 1991/92 Жапония чемпионы: 1993, 1994 Джей-лига кубогы: 1993, 1994 Император кубогы: 1996 XEROX Champions Cup: 1994, 1995

«Кроация»

Хорватия чемпионы: 1998/99

Халықаралық

Жапония

Азия кубогының жеңімпазы: 1992 Дереккөздер

Сілтемелер Статистикасы

Санат:Жапония футболшылары Санат:Жапония Ұлттық футбол құрамасының ойыншылары Санат:Иокогама ФК ойыншылары Санат:Палмейрас ФК ойыншылары Санат:Сантос ФК ойыншылары Санат:Дженоа ФК ойыншылары Санат:Виссел Кобе ФК ойыншылары Санат:Футболдан Азия чемпиондары Санат:Токио Верди ФК ойыншылары