Ян-Эрик Максим Шупо-Мотинг (нем. Jean-Eric Maxim Choupo-Moting; 23 наурыз 1989https://www.transfermarkt.com/transfermarkt/profil/spieler/45660, Гамбург, ГФР) — германиялық және камерундық футболшы, "Бавария" клубының жартылай қорғаушысы.

Мансабы Эриктің әкесі камерундық келімсек, анасы неміс. 2010 жылға дейін Германияның бірнеше жастағы құрамасында ойнады. Бірақ ұлттық құрамадағы бәсекелестіктің тым жоғарылығынан, 2010 жылы Камерун құрамасында ойнауға шешім қабылдап, келген ұсынысты қабыл алды да, көп ұзамай 2010 жылғы әлем чемпионатына қатысты. Бұл турнирде Нидерланд және Жапония құрамаларына қарсы ойында алаңға шықты.

Кейін 2014 жылы әлем чемпионатына, 2015 жылы Африка ұлттары кубогына қатысты. 2014 жылғы чемпионатта топтық кезеңнің үш ойынында да алаңға шықты.

2017 жылға дейін тек германиялық клубтарда ойнады.

2017/18 жылғы маусымды Англияның "Сток Сити" клубында өткізіп, 2019 жылы "Пари Сен-Жерменге" ауысты.

2020 жылы қазан айында "Баварияға" ауысты.

Жетістіктері

ПСЖ

Фрвнция чемпионы (2): 2018/19, 2019/20 Франция кубогы: 2019/20 Лига кубогы: 2020 Бавария

Германия чемпионы: 2020/21 Германия суперкубогы: 2021 Клубтар әлем чемпионаты: 2020

Дереккөздер

Сілтемелер Профилі

Санат:Германия футболшылары Санат:Камерун футболшылары Санат:Камерун Ұлттық футбол құрамасының ойыншылары Санат:Гамбург ФК ойыншылары Санат:Нюрнберг ФК ойыншылары Санат:Майнц 05 ФК ойыншылары Санат:Шальке 04 ФК ойыншылары Санат:Сток Сити ФК ойыншылары Санат:Пари Сен-Жермен ФК ойыншылары Санат:Бавария ФК ойыншылары